Цифрлы технология экология қызметінде
Цифрлы технология экология қызметінде
428
оқылды
Мұнай-газ саласында қалып­тасқан қиындықтарға қара­май, Қарашығанақ мұнай-газ кон­денсаты кен орнындағы өндірістік объектілер 2020 жылғы өндіру жоспарына, сондай-ақ қауіпсіздік техникасының, экологиялық нормалардың барлық талаптарына сәйкес қатаң түрде іске асырылуда. ҚПО экология мәселелеріне үнемі басымдық беріп келеді. Табиғатты пайдалану шарттарын сақтай отырып, қысқамерзімді және ұзақмерзімді жоспарлар мен іс-шараларды орындауда. Қоршаған орта эмиссиясына то­лық мониторинг жүргізіліп отыр. Бұл шығарындыларды, ағынсу төгіндісін, қалдықтарды өңдеу және орналастыруды, сондай-ақ олардың ауаға, топыраққа, жер беті және жер асты суларына әсерін бақылайды. Кен орнына жақын орналасқан санитарлық-қорғаныс аймағы мен елдімекендердегі ауа сапасы айрықша бақыланады. Бақылау өлшемдерін экологиялық мониторингтің аккредиттелген зертханасы мен стационарлық станциясы жүргізеді. Сынамалар алу және оларды талдау тәулік бойы жүргізіледі. Энергия ресурстарын тиімді пайдалану аудиты мен оларды одан да тиімдірек пайда­лану­дың жаңа мүмкіндіктерін іздеу толығымен жүріп жатыр. Ке­лесі кезеңде тағы бір ауқымды жоба – энергия ресурстарын тиімді пай­далану және парник газда­рының шығарындыларын азайту жөніндегі ұзақмерзімді жоспарды әзірлеу. Сандық жүйеге көшіру ретімен және жоспарлы түрде жүргізіліп жатқанын атап кеткен жөн. Бұл ҚПО бөлімдері мен оның мер­дігерлерінің қызметінің барлық саласына едәуір ықпал етеді, олар­дың жұмысының тиімділігін арт­тыруға және инновациялық процестерді енгізуге қосымша мүмкіндіктер жасайды. Сандық жүйе­ге көшіру мәселесі, әсіресе пан­демия мен карантин шаралары кезінде аса өзекті екенін көрсетті. ҚПО 2005 жылдан бастап ArcGIS бағдарламалық қамтымы енгізілді, дамытылды және қар­қын­ды пай­даланылып келеді. Бұл кеңіс­тік­тік-координат­тық деректерді жинау, орталық­тан­ды­рылып сақтау, өңдеу және көр­сетуді қамтамасыз ететін геогра­фиялық ақ­па­раттық жүйе (ГАЖ). Оның негізін ақпарат­тық дерек­тер базасымен байла­ныс­ты автоматтандырылған картогра­фия­лық жүйелер құрайды. ГАЖ мәліметтерге түгендеме жүргізу, талдау, бағалау және болжаудағы, өндірістік процестер мен қоршаған ортаның жағдайын басқарудағы маңызды міндеттерді шешуге арналған. ҚПО цифрлы технологиялар кен орнындағы ландшафттардың жағдайын, салыстырмалы тал­дау жүргізу кезінде оның ықпал ету аймағын, экспорттық құ­бырды, осы аумақтардағы кез келген ауытқушылықтарды не­месе өзгеріс­терді қадағалауды, өсімдіктердің, көшеттердің шығымдылығын және қалпына келтіру процес­те­рінің ди­на­ми­касын ретроспекти­валық бағалау үшін табысты пайдаланылуда. Флора мен фаунаны мониторинг­теу процесінде, өсімдіктер мен жануарлар әлемінің сирек не­месе құрып біткен түрлерінің өмір сүре­тін жерінің картасын жа­сауда цифр­лық әдістерді пайда­лану аса маңызды. Цифрлан­дыру мелиорациялық-орман жұ­мыс­тарын моделдеуге мүмкіндік береді. Сонымен бірге экологиялық мони­торингтің автоматты стан­ция­ларын анағұрлым дәл орналас­тыру үшін қажет. ArcGIS пайдаланған уақытта ҚПО қомақты деректер базасы жиналды, олармен жұмыс істеу үшін тиімді құралдар әзірленді. Кен орнының, құбырлардың және басқа да объектілердің то­погра­фиялық картасы жасалды, Қарашығанақ пен оған жақын орна­ласқан елдімекендер ғарыш­тан суретке түсірілді. ArcGIS пайдаланудың айқын артықшылығы апробацияланып дәлелденді. Аумақтарды дамыту және пайдалануды жоспарлау жөніндегі қызметті, соның ішін­де кен орнының, мүліктік-жер ке­шеннің, экология және шұ­ғыл әрекет ету қызметінің инфра­құрылымын жетілдіруге байла­нысты жұмысты орталықтандыру мүмкін болды. ҚПО осы кеңістіктік дерек­тер негізінде далалық топ пен мер­дігерлердің орталық кеңселерімен тиімді өзара әрекеттесуі, компа­нияның жоспарлау, қабылданған шешімдерді орындау және күтілетін нәтижелерге қол жеткізу жөніндегі қызметінің ашықтығы мен әділдігі қамтамасыз етіледі. Бұл деректерді жариялау үшін, демек бақылаушы органдар, қоғамдық бірлестіктер мен жұртшылыққа анағұрлым қолжетімді болды. ГАЖ-технологияларын кеңінен танытып, геодеректермен жұмыс істейтін осы бір қарапайым және тиімді құралымен пайда­ланушылардың көбірек тобын қамту үшін әзірленді және ҚПО CoGIS веб-порталы мен GIS мо­бильді қолданбасы енгізілді. Бұл кешен база деректерінің жұмысын жаңа деңгейге көтерді, осылайша, арнайы білімі мен дағдысы жоқ пайдаланушыларға қолжетімді болады. ҚПО ГАЖ мобильді қолданбасы деректер базасымен Интернет-қосылысы болмаған жағдайда да табысты пайдаланылады, бұл, әсіресе даладағы жұмыстар кезінде, яғни мобильдік GSM-желілерінің толтыру аймағынан тыс жерлерде ыңғайлы. CoGIS әзірлеушілерімен бір­лесіп инновациялық шешімдерді енгізіп, «Оффлайн карталары» бөлімі бар жаңартылған қол­данбаны алуға мүмкіндік беретін іс-шаралар іске асырылды. ҚПО GIS қолданбасы карантин кезінде өте қажет болды, өйткені дала жұмыстары үшін кен орнына шығу және оларды интерактив карталары мен спутниктен түсірген суреттерді пайдалана отырып жүргізу санын азайтуға септігін тигізді. ArcGIS жүйесі қарқынды даму үстінде. Биылдың өзінде кәсіпорын объектілерінің ерек­шеліктерін ескере отырып, нақ­ты уақыт режимінде дерек­терді қашықтан жіберу арқылы авто­маттандырылған мониторингін енгізу жобасының әзірлемесі жоспарланып отыр.  

Арман КУСАИНОВ