«Эйр Астана» жол жүгі саясатын өзгертті
«Эйр Астана» жол жүгі саясатын өзгертті
383
оқылды

«Эйр Астана» ұлттық әуе компаниясы 21 тамыздан бастап барлық рейстерге жаңа жол жүгі саясатының қолданылатынын жария­лады. Енді бұдан былай жол жүгін тасымалдаудың тегін нормалары таразылық жүйеден даналық жүйеге ауыспақ.

Компанияның Орталық Азия және Қазақстанға сату бойынша директоры Ислам Секербековтің айтуынша, қолға алынып отырған қызмет түрін қазіргі таңда әлемге әйгілі Lufthansa, Asiana, Aeroflot сияқты әуе компаниялары қол­данады. Яғни, таңдалған тарифтік топқа байланысты енді жолау­шылар өздерімен бірге бір немесе екі сөмке алып кіре алады. Эко­ном-класс бойынша сөмке сал­мағы 23 келіден, ал бизнес-класта 32 келіден аспауы тиіс. Қосымша жол жүгіне ұшардан 24 сағат бұрын 30 пайыз жеңілдік қарас­тырылады екен. Алматыда жур­налистермен кездескен әуе ком­пания басшылығы осының бәрін егжей-тегжейлі түсіндірді.

– Бұл арқылы біз клиент­те­рі­мізге таңдау мүмкіндіктерін мо­лы­нан ұсынуды қалаймыз. Енгі­зіл­ген концепцияның әзірге тек ха­лықаралық рейстерге қолданы­ла­тынын айтқым келеді, – дейді ком­пания басшысы Питер Фостер.

Компания өкілдерінің сөзін­ше, халықаралық бағыттарда қол­данылатын жаңа тарифтерді жо­лаушылар өз бетінше таңдай ала­ды. Мәселен, тек қол жүгімен сая­хатқа аттанатын жолаушылар жол жүгі үшін артық ақы төле­мей­ді. Мұндай жағдайда билет те ар­зан­ға түспек. Не болмаса салмақ ауыр­лы­ғын төлемей, жол жүгі үшін қо­сымша орын сатып алуға құқылы.

Қол жүгіне қатысты жаңа қа­ғидалар қарастырылмаған. Тегін қол жүгінің салмағы бұрынғыдай, яғни 8 келі болып қалады. Ұшақ салонында қол жүгінен бөлек қол­шатыр, гүл секілді ұсақ заттарды алып жүруге рұқсат етілген. Бұл рет­­те енгізіліп отырған жаңа ере­же­нің 2019 жылдың 7 тамызына дейін сатып алынған билеттерге қатысы жоқ екенін ескерте кету қажет.

– Жаңа жол жүгі саясаты және My Choice концепциясы халықа­ралық рейстермен ұшатын жолау­шыларға таңдау еркіндігін сый­лайды. Жаңа тұжырымдама бо­йын­ша жолаушы өзіне ыңғайлы та­риф­ті таңдай алады. Жол жүгін­сіз, бір жүк орынымен немесе екеу бо­луы мүмкін. Мұның тағы бір пай­дасы – егер салмақ артық бо­лып кетсе онда артық салмақ үшін ақы төлемей-ақ жеке бір орын са­тып алуға болады. Жолаушы са­парға шығардан бұрын қанша сөмке алатынын есептеуі тиіс. Егер артық орын алып, бірақ оны пайдаланбаса, онда төлем кері қайтарылмайды. Сондай-ақ сөмке өлшемдері де бұрынғыша қалып отыр, – дейді «Эйр Астана» ком­па­ниясының Қа­зақстан мен Ор­та­лық Азияда сату жөніндегі директоры Ислам Секербеков.