Түркістанның туристік әлеуеті қандай?
Түркістанның туристік әлеуеті қандай?
374
оқылды

Түркістан облысы мен Өзбекстанның туристік өкілдері арасында 10-нан астам келісімге қол қойылып, бірлескен туристік маршруттар ұйымдастыру келісілді. Сондай-ақ Ташкент қаласында «Сузук-ота» қолөнер шеберлері орталығы және Бұқара қаласында «Базори корд» темір ұсталар мен «Пойи калон» тоқыма шеберлер орталығымен бірқатар келісімге келді.

Айта кетейік, Түркістан облысының әкімдігі Өзбекстан Републикасының туризмді дамыту жөніндегі мемлекеттік комитетінің қолдауымен Ташкент және Бұқара қалаларында Өзбекстандағы Қазақстан жылы аясында Road show ұйымдастырылды.

Іс-шараға туризм саласындағы мемлекеттік мекеме өкілдері және 70-тен астам туристік ұйымдар қатысты. Онда Түркістан облысының туристік әлеуеті таныстырылып, Өзбекстанның туристік өкілдері зор қызығушылық танытты. Нәтижесінде, туристік ұйымдар ара­сын­да 10-нан астам келісімге қол қойылып, бірлескен туристік маршруттар ұйым­дастыруға келісті.

Өзбек және қахақ туризмі (10).jpg

Сондай-ақ облыс делегациясы Ташкент қаласында «Сузук-ота» қолөнер шеберлері орталығы және Бұқара қаласында «Базори корд» темір ұсталар мен «Пойи калон» тоқыма шеберлер орталығы жұмыстарымен танысып бірқатар келісімге келді.

«Сузук-ота» қолөнер шеберлері ор­та­лығы 5 гектар аумақта орналас­қан. 2017 жылы құрылысы басталып, 2019 жыл­дың мамыр айында пайдалану­ға беріл­ді. Орталықта 30-дан астам ­ше­бер­хана жұмыс істейді. Негізгі бағы­ты – ағаш өңдеу және ағаш бұйымдарын жасау. «Су­зук-ота» тарихта Қожа Ахмет Ясауи­дың ең сүйікті немересі болған. Ал «Ба­зори корд» темір ұсталар мен «Пойи калон» тоқыма шеберлер орталығында 100-ден астам шебер орналасқан.

 

Түркістан облысы