Мектеп жабылудан аман қалды
Мектеп жабылудан аман қалды
324
оқылды

«Түркістан – Қызылжар – Қостанай – Көкшетау» ақпа­раттық турында жүрген түркіс­тандық БАҚ өкілдерінің сапары Қостанай облысы Сарыкөл ауданында жалғасын тапты. Тәгіл ауылдық округы Соналы ауылына ат басын тіреген делегация ауыл­дың тыныс-тіршілігімен таны­сып, Соналы орта мектебіне бар­ды. Бұл мектепте Түркістан об­лысы Жетісай ауда­нынан был­тыр көшіп келген Ақшолпан Зұл­пыхарова орыс тілі мен әдебиеті пәнінен сабақ береді. 4 баланың анасы Ақшолпан өзінің батылдық танытып көшіп келге­ніне өкін­бейтінін жеткізді. Жұ­мысшы болып істейтін жолдасы­ның айлығы да жеткілікті.

Сондай-ақ аталған мектепте медбике болып жұмыс атқаратын Тұрсынай Сафарова да маман­дығы бойынша Жетісай ауда­нынан көшіп келген.

Айта кетерлігі, Соналы мек­тебінде 41 оқушы болса, соның ішінде 19 оқушы – оңтүстік өңір­ден көшіп келген отбасылардың балалары. Күнгейден көптеп келген оқушылардың арқасында жабылуға шақ қалған мектеп қазір толыққанды жұмыс істеуде. Бұл ауқымды әрі маңызды сапар Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының ұйымдасты­руымен өтіп жатыр.

Айта кету керек, Қостанай об­лысы да қоңыржай климаты бар, ауыл шаруашылығы мен егін егуге қолайлы өңір. Бұл өңірге қоныс­танған күнгейліктердің өмірімен танысуға келген журналистер қа­уы­мы бірнеше аудандарды ара­лайтын болады.