Партиялықтар тыныс алу аппаратын сыйлады
Партиялықтар тыныс алу аппаратын сыйлады
333
оқылды
Аталған жобаға «Nur Otan»  партиясының өкілдері мен облыстық маслихат депутаттары үлес қосуда.  Айталық, осыған дейін де қайырымдылық шараларға ұдайы үлес қосып,  қаншама жандарға көмек көрсетіп, ел алғысын арқалап жүрген Түркістан облыстық маслихатының депутаты Баймахан Сүлейменов өз қаражатына 2 жасанды тыныс алу аппаратын сатып алып, оны қалалық жұқпалы аурулар ауруханасына табыстады.    width= Бүгінде жалпы 1 100 000 теңгеге алынған құрылғылар науқастарды емдеуге қолданылып жатыр. Халық қалаулысы тағы бір тыныс алу құрылғысы мен 20 дәрі-дәрмек қорапшасына тапсырыс беріп, тұрғындарға қолдау көрсетпек ниетте.