Балаларға қуаныш сыйлады
Балаларға  қуаныш сыйлады
5,375
оқылды

Түркістанда республикалық «Мектепке жол» акциясы басталды. Nur Otan партиясы облыстық филиалы аз қамтылған отбасылардың балаларын мектепке даярлау мақсатында оқушыларға мектепке қажетті құрал-жабдықтарды табыстады. Партия ұжымы акция кезегін қалалық, аудандық филиалдарға тапсырды.

«Мектепке жол» акциясы 12 жыл бойы 1 тамыз-30 қыркүйек аралығында дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келеді. Сол аралықта 2 млн 600 мыңнан астам ба­лаға жалпы сомасы 17 млрд 800 мил­лион теңгеден астам материалдық кө­мек көрсетілген. Биыл акция бір ай ер­те, яғни 1 шілдеден басталды.

Бүгінгі таңда Түркістан облысында атау­лы әлеуметтік көмек алатын 87 515 от­басы, оның ішінде 508 828 адам бар. Жыл басынан бері Nur Otan партиясы об­лыстық филиалының қоғамдық қа­был­дауында көмекке мұқтаж 50 оқушы тір­келген. Сонымен қатар jas otan
Жас­тар қанаты 5 оқушыны қам­қор­лы­ғы­на алған.

Шара кезінде Nur Otan партиясы Түр­кістан облыстық филиалы төраға­сы­ның бірінші орынбасарының мінде­тін атқарушы Қалыйма Жантөреева 55 балаға арнаулы сыйлық үлестірді.

– Партия жыл сайын бұл акцияға дәс­түрлі түрде атсалысып келеді. Бізден кө­мек сұрап, қолдау күтетін өңір тұр­ғын­дары көп. Біз үнемі бар ресурсты пай­даланып, демеушілер тарту арқылы кө­мектесіп келеміз. Соның ішінде мек­теп оқушыларын мектепке даярлау мін­­детті көмек деп санаймын. Бүлдір­шін­дердің білім алуына барынша жағ­дай жасауымыз керек. Мұны жария­ла­ма­сақ та болар еді. Дегенмен, қайырым­ды­лық шаралары өзге әріптестеріміз бен кәсіпкерлерге үлгі болса дейміз, – дей­ді Қ.Жантөреқызы.

Кездесуден соң ата-аналар партия ұжы­мына алғысын білдіріп, жұмыс­тары­на сәттілік тіледі.

– Менің бес балам бар. Жолдасым – екінші топтағы мүгедек. Пар­тия­лық­тардың бұл игілікті ісі бізге үлкен көмек бо­лып отыр. Өйткені мектепке баратын кез жақындаған сайын балаларымызға қа­жетті оқу құралдарын сатып алу үшін ерек­ше дайындалатынбыз. Бұл бір та­маша тарту болды, – дейді көпбалалы ана Айжан Бақтыбаева.

Тізім бойынша партияның беріп жатқан сыйлығын алуға келген жа­л­ғызбасты ана Анар Еспенбетова ша­раға бірінші сыныпқа дайындалып жат­қан кіші қызы Кәусар Қалмұратты да ертіп келген екен. Партия өкілдері то­сынсый жасап, тізімде болмаса да кі­ші қызына мектеп сөмкесі мен өзге де құрал-жабдықтарды сыйға тартты.

– Бір балам мүгедек, өзім жалғыз­бас­ты анамын. Nur Otan партиясы жыл­да бізге ұдайы осылай көмектесіп тұ­рады. Енді міне, екі қызыма мектепке ба­ратын оқу құралдарын сыйға тартып, біз­ді қуантып отыр. Біз сияқты ана­лар­ға жасаған көмегі үшін партия­лық­тарға алғысымды айтамын, – дейді Жан­сая Еспенбетова.

Акцияға келген ата-аналар қуа­ныш­тан жүздері бал-бұл жайнаған бүл­дір­шіндерін жетелеп, үйлеріне тарқасты.