Әлемде жыл сайын 300 миллионға жуық жазатайым оқиға тіркеліп, 150 миллион кәсіптік ауру мен зиянды еңбек жағдайлары салдарынан 2 миллионнан астам адам дүние салады.
Бүкіл әлемде, соның ішінде Қазақстанда өндірісте жарақат алу мәселесі өте күрделі. Жыл өткен сайын әлем елдері бұл мәселеге баса назар аударуда. Еңбекті қорғау саласын жетілдірілуде және мемлекеттік саясатта және т.б. салаларда адам шығындары ғана емес, экономикалық шығындар да жиі кездеседі.
Жаһандық мәселелер көптеген факторларға байланысты. Жұмыс әлемі әр он жыл сайын өзгеріп отырады. Жұмысшы талаптары тұрақты талдаулар, әлеуметтік зерттеулермен расталады. Мысалы, бала туу деңгейінің өсуі адамзаттың тауарлар мен қызметтерді көбірек өндіруге деген, жұмысқа деген қажеттілігін арттырды. Халықаралық еңбек ұйымының бағалауы бойынша, әлемдегі барлық жұмысшылардың 30%-ы осал тобы жастар мен егде жастағы адамдар екен.
Егер тиісті шаралар қабылданбаса, өндірістегі және еңбекті қорғаудың барлық саласындағы түрлендіру елдің экономикалық өсімінің азаюына, жалақы мен өмір сүру деңгейінің төмендеуіне әкеліп соғуы мүмкін. Сондықтан қауіпсіз еңбек жағдайлары тек жұмысшылар мен жұмыс берушілердің өздері үшін ғана емес, сонымен қатар экономикалық тұрғыдан да пайдалы екенін ұмытпаған жөн.
Атап айтқанда, Статистика комитетінің 2018 жылғы мәліметі бойынша, кәсіпорындарда жұмыс істейтін 1,6 млн қазақстандық тексеруден өткен. Олардың ішінде 373 жұмысшы зиянды немесе қауіпті еңбек аймақтарында жұмыс жасаған. Ал өнеркәсіпте 1500-ден астам адам жарақат алған, соның ішінде 220 адам қайтыс болған. Жазатайым оқиғалардың негізгі себебі қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз етпеу, жеке қорғаныс құралдары, оқу-жаттығулардың дұрыс болмауы және жұмыс берушілердің еңбекті қорғау ережелерін сақтамауы салдарынан туындайды.
Айта кететін жайт, елімізде өндірістік жарақат алу алдыңғы жылдармен салыстырғанда оң нәтиже көрсеткен. Соңғы 5 жыл ішінде қазақстандық жұмысшылардың жарақат алуы 22%-ға төмендеген. Сондай-ақ елімізде кәсіптік аурулардың жиілігі АҚШ-қа қарағанда 23 есе төмен.
Бұл күрестің негізі – адам өмірін сақтау және алдын алу шараларын жүргізу. Қазақстан еңбекке қабілетті тұрғындар денсаулығының кепілі ретінде еңбекті қорғауды реттеуді жетілдіру және оны іске асырудың тиімді тетігіне айналу керек.
Сонымен бірге, адамдар қателіктер жіберетінін және өндірістік оқыс оқиғалардың туындауына адами фактордың әсері болатындығын ұмытпау керек. Қауіпсіздік көбінесе міндеттерді дұрыс қоюға байланысты және де қызметкерлердің психикасына, жұмыс берушілер тарапынан тәртіп пен қауіпсіздік ережелеріне қатысты болады.
Бұл жерде заңбұзушылықтар үшін жауапкершілікті күшейту қажет. Мәселен, осы жылдың бірінші жартыжылдығында мемлекеттік инспекторлар 4751 ұйымды тексеру кезінде 7 мыңға жуық заңбұзушылықты анықтаған. Оның ішінде еңбек қатынастары саласында – 5,5 мың, қауіпсіздік және еңбекті қорғау бойынша 1,2 мың заңбұзушылық тіркелген. Осы үшін жұмыс берушілерге 186,5 млн теңге көлемінде айыппұл салынып, 11 лауазымды тұлға қызметінен босатылған.
Сонымен қатар биыл 1 шілдеден бастап 2,4 мыңға жуық кәсіпорын тәуекелдерді басқарудың заманауи жүйесін енгізу мақсатында OHSAS 18001, ХЕҰ-ЕҚБЖ стандарттарын қолдана бастады. Ал ішкі бақылауды жүзеге асыру үшін 14,8 мың өндірістік кеңес құрылды.
Аталған шаралар жоғары нәтижелерге қол жеткізіп, қайғылы жағдайлардың алдын алуға және жұмысшылардың өмірі мен денсаулығын сақтауға мүмкіндік береді. Осы ретте, әр жұмысшы өз қауіпсіздігі үшін сақтық шараларына мән беріп, тиісті нұсқаулықтарға ден қойғаны абзал.
Ал жұмыс берушілер мен кәсіподақтар негізгі стандарттармен қамтамасыз етіп, адам өмірінің сақтығы үшін қажетті жұмыстар атқаруы қажет. Барлық қызметкердің қауіпсіз жағдайда жұмыс істеуі – қоғам үшін аса маңызды.