Жасотандықтар оттегі концентратын алып берді
Жасотандықтар оттегі концентратын алып берді
5,383
оқылды
Осыдан оншақты күн бұрын «Nur Otan» партиясы «Jas Otan» жастар қанатының Алматы қалалық филиалы бастама көтерген болатын. Бұл бастама аяқсыз қалған жоқ. – «Jas Otan» жастар қанаты қалалық кеңесінің мүшесі, белгілі тележүргізуші, блогер Диана Скатоваға «Біз де қазіргі уақытта коронавирус инфекциясын жұқтырған науқастарға өте қажет болып тұрған оттегі концентратын алуға атсалысайық. Сыртта қол қусырып қарап отырғанымыз жарамас. Сынауға, айтуға болады, бірақ қазір оның уақыты емес, сондықтан нақты іске көшейік» деген ұсыныс жасаған болатынбыз. Әлеуметтік желіде қайырымдылық акциясының басталғаны жайлы жарияладық. Небары үш күннің ішінде 760 мың теңге жиналды. Әркім шамасына қарай, біреу 100, енді бірі 1000, келесісі 5-10 мың теңгеден ақша аударды. Әлеуметтік желіде арнайы есепті 2 сағат сайын нақты жариялап отырдық. Барлығы ашық түрде болды. Қаржы жиналған соң Айнұр Тұрсынбаева мен Дәулет Мұқаевтың қорына байланысқа шықтық. Осы қорлар арқылы Түркия мемлекетінен 2 оттегі концентраты аппаратына тапсырыс беріп алдырттық» дейді «Nur Otan» партиясы «Jas Otan» жастар қанатының Алматы қалалық филиалы төрағасы Мәди Ахметов.    width= Қалған ақшаға медицина қызметкерлерінің өтініші бойынша респираторлық маска алынды. Бұл заттардың бәрі ұйымдастырушылардың қолына кеше тиді. Олар бірден Қалалық денсаулық сақтау басқармасына хабарласып, осы заттар қай жерге өте қажет болып жатқанын сұрап білді. Сосын оттегі концентраттары мен респираторлық маскаларды қазіргі таңда Covid-19 және пневмония науқастары жайғастырылған Урология ғылыми орталығына табыс етті. Ауызбіршілік, елдің бірлігі деген осындай қиын шақта сыналады емес пе?! Жасотандық қыз-жігіттер игі істе шет қалмай, тығырықтан шығуға барынша атсалысуда.    width=