Нұротандықтар Түркістанда тыныс алу аппаратын табыстады
Нұротандықтар Түркістанда тыныс алу аппаратын табыстады
350
оқылды
Партияның Келес аудандық филиалының мәслихаттағы фракция мүшесі Нұралы Даулетияров аудандық орталық аурухананың дәрігерлеріне көмек қолын созып, Ресейден өз қаржысына алдырған 3 дана ARMED жасанды тыныс алу аппаратын табыстады.    width= Сонымен қатар азамат қазіргі елімізде болып жатқан пандемия уақытша сынақ екенін жеткізді.
– Сынақтан тез арада өту үшін баршамыз қарапайым санитарлық нормаларды сақтап, жұмыла жұмыс жасауымыз қажет. Ел-жұрт бар, табыс тауып жүрген әрбір қалталы азаматты осындай қайырымдылық жасауға шақырамын, – дейді Нұралы Даулетияров.
Одан бөлек «Nur Otan» партиясының мүшелері Түркістан қаласындағы дәріханаларға мониторинг жүргізді. Тұрғындар тарапынан түскен шағымдарға сәйкес, дәрілердің шектік бағасы, қолжетімділігі  назарға алынды.    width=  width= Мониторингтік топ құрамында Түркістан облысының Тауарлар мен көрсетілетін  қызметтердің сапасы мен  қауіпсіздігін  бақылау департаменті фармацевтикалық инспекторат бөлімінің басшысы Б.Байғазиев, "Nur Otan" партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының орынбасары П.Тұрсынбаев,  «Түркістан-адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің менеджері Г.Қарсыбай және өзге де өңірдегі белсенді азаматтар болды. Аталған топ облыс орталығындағы 10-ға жуық дәріхананы аралады.    width= Мониторинг барысында  дәрілік заттарды шектік бағадан қымбат  саудалағандар анықталды.  Сонымен бірге аса қажетті кейбір дәрілердің тапшылығы да байқалды. Сондай-ақ дәрілердің шектік бағасы жазылған арнайы тізім ілінбеген. Бұл кемшіліктер бойынша дәріхана қожайындарына ескерту берілді. Жалпы «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалы мен аудандық филиалдар облыс көлемінде апта бойы мониторинг жүргізуді жалғастырады. Себебі карантин кезінде бұл мәселе бойынша тұрғындар тарапынан арыз-шағымдар жиі түсіп жатыр.