42 500 теңгені нақты қанша адам алғаны белгілі болды
42 500 теңгені нақты қанша адам алғаны белгілі болды
Фото; Интернеттен алынды
185
оқылды
Төлем 1 млн 309 мың адамға тағайындалды. Ақшалай қаражат 1 млн 122 мың қазақстандыққа аударылды. МӘСҚ-тан төлем алуға өтінімдер бірнеше арна арқылы қабылданады. 1 миллион 730 мың өтінімнің ішінде: – 782,87 мың адам проактивті форматта төлем тағайындауға келісім берді; – 423 мың адам Egov.kz порталы және telegram-боттар арқылы; – 146,1 мың адам  42500.enbek.kz порталы арқылы; – 378 мың адам екінші деңгейдегі банктердің мобильдік қосымшалары мен интернет-ресурстары арқылы өтініш берген. Азаматтардың санаттары бөлінісінде: – 782,87 мың өтініш бірыңғай жиынтық төлем төлеушілерден берілді (проактивті форматта); – 92,86 мың өтінішті жалдамалы қызметкерлері үшін жұмыс берушілер берді; – 854,4 мың өтініш азаматтардың басқа санаттарынан келіп түсті (жеке кәсіпкерлер; жеке практикамен айналысатын адамдар; азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табыс алатын жеке тұлғалар). Төлем 1 млн 309 мың адамға тағайындалды. Ақшалай қаражат 1 млн 122 мың қазақстандыққа аударылды. Айта кетейік, өтініштер биыл 1 қыркүйекке дейін қабылданады.