Үйінде есірткі өсірген
Үйінде есірткі өсірген
235
оқылды
Бәйдібек аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері есірткі заттарын сақтау жайын анықтап, жергілікті тұрғынның үйінен та­был­ған қарасора егістігін жойды. Жедел-іздестіру іс-шара ба­рысында полиция қызметкерлері Бәйдібек ауданының тұрғынын ұстады. Оның сөмкесінен өсімдік тектес есірткі заты бар пакет та­былған. Сонымен қатар жедел уәкілдер күдіктінің үйін тінту кезінде, оның бақшасынан қарасораға ұқсас төрт түп есірткі затын тапты. Полиция қызметкерлері айғақты зат ретінде алынған есірткілерді сараптамаға жіберді. Сараптама қорытындысына сәйкес, олар жал­пы салмағы 550 грам­нан аса­тын «кептірілген марихуа­на» және «қарасора» түптері болып шықты. Аталған жайт Бәйдібек ау­дандық ПБ-не Қылмыстық кодекстің екі бабы: 296-бап «Өт­кізу мақсатынсыз есірткі құрал­дарын, психотроптық зат­тарды, олардың аналогтарын заң­сыз қолдану» және 300-бап «Құра­мында есірткі заттары бар өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз өсіру» бойынша тіркелді. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.  

Қ.АМАН