Ардагерін ардақтаған ел
Ардагерін ардақтаған ел
586
оқылды

Бүгінде еліміздегі соғыс ардагерлеріне ерекше құрмет көрсетіліп келеді. Осы орайда Nur Otan партиясы Түркістан облыстық филиалы «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясында акция ұйымдастырды.

Шара барысында партия ұжымы 8 арда­гердің үйіне барып, медицина өкіл­дерімен бірге олардың шаңырақта­рын аралап, хал-жағдайын біліп, медицина­лық тексерістен өткізіп, үй шаруасына жәрдемдесті.

Партиялықтар алдымен Ұлы Отан соғысының ардагері Әбжаппар Дайра­бай­ұлының шаңырағында болып, әңгі­месін тыңдап, батасын алды.

– Қазіргі жастарға көп еңбектеніңдер, ізденіңдер, үлкендерді сыйлаңдар деп айтып отырамын. Себебі ата-анасын қадірлемеген, үлкендерді сыйламаған ұрпақтың ертеңгі болашағы жоқ. Осы орайда, ардагерлерді құрметтеп, сыйлап, әрдайым көмек қолын созып жүретін партиялықтар мен дәрігерлерге ризашы­лы­ғымды білдіргім келеді, – дейді ардагер.

Айта кету керек, жалпы Түркістан облысында Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан 60 ардагер болса, 9509 тыл ар­да­­гері бар. Бүгінде сол ардагерлерге тиіс­­ті орындар тарапынан қажетті әлеу­мет­тік көмектер мен басқа да оларға қа­­жетті жағдай жасау басты жоспарда тұр.

Nur Otan партиясы Түркістан облыс­тық филиалы төрағасының орынбасары Қалыйма Жантөреева қазыналы қария­ларға ізгі тілегін білдірді.

– Партия тек 9 мамыр – Жеңіс күнін­де ғана емес, тұрақты түрде «Арда­гер­лер­ді ардақтайық» жобасы арқылы арда­гер­лер­дің үйлеріне барып, оларға жәрдем­де­сіп отырады. Бүгін біз Түркістан қала­сын­дағы 8 ардагердің үйіне арнайы бардық. Денсаулығын қарап, қажетті дәрі-дәрмектерін алып беріп, үй шаруа­сына қолғабыс жасадық. Қариялар­дың батасын алдық. Игілікті іс-шара аудан­дар­да да жалғасып жатыр, – дейді төраға орынбасары.

 

Түркістан облысы