Сәтбаевтағы оқиға: Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек халыққа басу айту үшін жолға шықты
Сәтбаевтағы оқиға: Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек халыққа басу айту үшін жолға шықты
Фото: Интернеттен алынды
358
оқылды
Сәтбаев қаласындағы оқиғаға байланысты Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек тұрғындармен жүздесуге барады. Облыс әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, 23 шілде күні сағат 21.00-де Сәтбаев қаласының полициясына Жезқазған қаласының тұрғыны хабарласып, өзінің 5 жасар қызының жоғалғаны туралы хабарлады. Сәтбаев қаласының полиция бөлімінің жеке құрамы мен еріктілер қатысқан іздестіру іс-шараларының нәтижесінде бала көпқабатты үйдің біріндегі пәтерден табылған. «Қазір қыз бала ауруханада тексерілуде. Күдікті ұсталды. Ұсталған азаматтың үйінің жанында күдіктіні олардың қолына беруді талап ететін бір топ адамдар жиналған. Тәртіпсіздіктің жолын кесу үшін құқық қорғау органдарының күш-жігері жұмылдырылған. Қазіргі уақытта қаладағы жағдай тұрақтанды, адамдар оқиға орнынан тарқасты» делінген ресми хабарламада. Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек Сәтбаевқа жол тартты. «Құқық қорғау органдары осы жағдай бойынша әділ және адал тергеу жүргізу үшін барлық күш-жігер жұмсалатынын жеткізді. Халықтан арандатушылыққа жол бермеуді сұраймыз» делінген ресми хабарламада.
  • Ескерту! Видеода тұрғындардың сөзі қаз-қалпында берілген. 
https://www.youtube.com/watch?v=SIGnz67n6G4&feature=youtu.be