Көшбасшы болуға дайынсың ба?
Көшбасшы болуға дайынсың ба?
368
оқылды

Назарбаев университетінде HPAIR – 2019 Asia Conference өтіп жатыр. Үздік студенттерге Азияның халықаралық мәселелері бойынша ашық форумға қатысуға мүмкіндік беретін 1991 жылы құрылған Гарвард университетінің Азия және халықаралық қатынастар факультетінің негізінде HPAIR жобасы ұйымдастырылған болатын. Конференция болашақ көшбасшылардың арасында ұзақмерзімді өзара байланыстарды қалыптастыруға және олардың қазіргі әлемдік көшбасшылармен өзара іс-әрекетін дамытуға бағытталған.

Конференцияның мақса­ты – трансформация, санамызды өз­гер­ту және дәстүрлі әдістерден алыс­тау, сонымен қатар жаңа сан­дық технология­ларды қол­дана отырып дамудың жаңа дең­гейіне көшу. Осындай мәсе­ле­лерді ше­шумен қатар, иннова­циялық идеяларды қалыптасты­ру кезінде конференцияға қа­тысу­шыларға іс-шараға шақы­рылған танымал және тәжіри­белі спи­кер­­лер жеке көмектерін көр­сетпек.

Гарвардтың HPAIR Asia ­Conference 2019 ұйымдастыру ко­митетінің атқарушы дирек­торы Чарльз Майклдің айтуын­ша, көшбасшы дайындау кадр дайындаудан да маңызды.

– Ондаған жыл бойы біздің ұйым Азияның барлық жас көш­басшыларын қамтуды мақсат етті. Бұл конферен­ция­ның мақ­са­ты – осы ба­ғыттағы одан ары ілгерілеуге айтар­лықтай қадам жасау. Орталық Азияда өтетін ал­ғаш­қы HPAIR Азия конферен­циясынан қал­маймын. Бұл жер­де барлық кон­тиненттерден кел­ген спи­керлер мен деле­гат­тар­дың айта­ры көп. Жаңа тә­жі­рибе мен мә­дени өза­ра байла­ныс­тарға толы бескүн­дік жиын­ның тарихи маңызы зор, – деді Чарльз Майкл.

HPAIR Asia 2019 конферен­ция­сына әлемнің 40-тан астам елінен келген студенттер мен жас көшбасшылар белсенді атса­лысуда.

Гарвард университетінің өнер және ғылым мектебі мен Назар­баев университетінің студент­тері бірлесіп ұйымдастыратын конференция халықаралық бүкіл Азия-Тынық мұхиты аймағы үшін маңызды форум.

Жиын қазақстандық жастар­ға әлемдік масштабтағы мәсе­ле­лердің шешілуіне өз үлесін қосу­ға теңдессіз мүмкіндік береді.

«Өзгерістерге ұмтылыс» та­қырыбына топтасқан конфе­рен­ция аясында 6 түрлі бағыттағы семинарлар мен пленарлық сес­сиялар өтеді. Қамтылатын тақы­рыптардың әрқайсысы конфе­ренцияның негізгі тақырыбы цифрландыру немесе цифрлық түрлендіруге тікелей байла­нысты.

Қазақстанда биыл – Жастар жылы. Ал HPAIR Asia Conference 2019 бүкіләлемдік студент­тік конференциясының өткі­зілуі өзінің тарихында алғаш рет осындай беделді халықаралық конференцияны Орталық ­Азия­ға және посткеңестік ке­ңістікке жеткізген қазақстан­дық жас­тардың білімге құштар екенін көрсетеді.