Шығыстық үлгідегі автобекет ашылды
Шығыстық үлгідегі автобекет ашылды
5,320
оқылды

Қайта түлеп жатқан Түркістанда тәулігіне 10 мың адамға дейін қызмет көрсетуге қауқарлы жаңа автобекеттің тұсауы кесілді. Оған Түркістан облысына кезекті іссапарымен келген Үкімет басшысы Асқар Мамин бастаған жұмыс тобы қатысты.

Салтанатты шарада Асқар Мамин халықаралық автобекеттің ашылуымен құттықтап, игі лебізін білдірді. Ізгі тілектен соң Премьер-министр А.Мамин мен Түркістан облысының әкімі Ө.Шөкеев лентаны қиды.

Түркістан қаласында салынған автовокзалға тапсырыс беруші – «Қасиет Транзит Сервис» ЖШС. Мердігер мекеме – «ЮгСтройконструкция» ЖШС. Нысанның құрылысы биыл, яғни 2019 жылдың сәуір айында басталып, 2019 жылдың тамыз айында құрылыс жұмыстары аяқталып, халық игілігіне пайдалануға берілді. Халықаралық автобекет Кентау қаласына қарасты Шаға ауылында орналасқан.

Айта кету керек, шығыстық үлгіде салынып жатқан нысанның жалпы аумағы 2,4 га құрайды. Нысанда жоспарға сай, 600 автобусқа арнайы 15 тұрақ қарастырылған.

Тәулігіне 10 мың адамға дейін қызмет көрсете алады. Еліміздің   Алматы, Нұр-Сұлтан секілді бағыттарымен қатар, облыстың өзгеде аудан қалаларына жүргізілетін болады. Нысанның ішінде ана мен бала бөлмесі, күту залы, асхана, тынығатын орындармен қамтылған. Сондай-ақ автовокзал аумағында барлық стандартқа сай автокөлік жуу орны, техникалық қызмет көрсету орындары ашылу жоспарланып отыр.