Жастар күні тойланды
Жастар күні тойланды
376
оқылды
Биыл жастар күні қарсаңында да еліміздің әр аймағының үздік жайдармашылары үшін жазғы фестиваль ұйымдастырылды. Елорда төрінде өткен жайдарман ойындарының республикалық жастар жазғы фестиваліне барлығы 15 команда қатысты. Олардың қатарында тәжірибелі және жас топтар бар. Осы аталған командаларға тиісті ұпай анықтау міндеті арнайы қазылар алқасына жүктелді. Олардың қатарында Дана Нұржігіт, Бақтияр Артаев, Дәулет Кәрібек, Бақтияр Мәкен, Ерлан Аңдасбаев бар. "Халықаралық жастар күніне арналған жобамыз Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мен Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы гранты аясында Қазақстан КВН одағы Республикалық жастар қоғамдық бірлестігімен бірлесіп жүзеге асырылды. Сонымен қатар Жастар жылы аясында да ойыншыларымызға беріліп отырған үлкен мүмкіндік. Сайысқа қатысқан командалардың басым көпшілігі жас топтар. Соған қарамастан көрерменің ыстық ықласына бөленіп отыр. Алдағы уақытта да жастарды дамытуға бағытталған бірнеше телевизиялық жобаларымыз бар", - дейді Есен Елеукен «Tamasha TV» арнасының директоры, Жайдарман ойындарының жүргізушісі. Қорытынды бойынша жүлделі үшінші орынды Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік универсиетінің жастарынан құралған «Эконом класс» командасы иеленсе, екінші орын елордалық «Сарыарқа құрамасына» бұйырды. Ал республикалық деңгейде алғаш рет сахнаға шыққан Шығыс Қазақстандық «АҚ» командасы «Жазғы фестиваль жеңімпаздары» атанып, үлкен кубокті иеленді.

Фархат Қаналы