Елордада Абай атындағы мектеп-гимназия ашылады
Елордада Абай атындағы мектеп-гимназия ашылады
509
оқылды

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы, «Руханиат» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың арнайы тапсырмасымен Абай Құнанбайұлының 175 жылдығаны орай «Абай әлемі» атты рухани-тағылымдық іс-шара өтті.

Шараның мақсаты – Ұлы Абайдың өлеңдерін зерделеу, Оның шығармашылығын жаңғырту, сол арқылы өскелең ұрпаққа елжандылық пен отансүйгіштікті сіңіру.

Оған қоса, Ұлы ақынның шарасына елімізге белгілі зиялы қауым өкілдері, абайтанушылар мен қала әкімдігінің өкілдері бас қосты.

Айтар болсақ, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың мамыр айында Абайдың 175 жылдық мерейтойы туралы Жарлыққа қол қойған.

«Тәуелсіздік алғалы бері қазір бәріміз жиналып тұрған даңғыл – елордадағы ең үлкен көшелердің бірі болып саналады. Алдымыздағы Абайдың ескерткіші 2010 жылы ашылды. Ұлы Абай мұрасы елордамыздың ұдайы түрде насихатталып, қыруар істер атқарылуда. Сіздерге үлкен жаңалық айтқымыз келеді. Құдай қаласа, 1 қыркүйекте осы елордамызда Абай атындағы үлкен гимназия ашпақпыз. Сол гимназияға баршаларыңызды шақырамыз», - деді қала әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен.