Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысына жұмыс сапарымен келді. Сапар барысында Мемлекет басшысы бірқатар индустриялық және әлеуметтік нысанмен танысты. Қарағандыда Президенттің төрағалығымен еліміздің индустриалды-инновациялық дамуы жөнінде кеңес өтті.
Қарағанды облысына жұмыс сапарымен келген Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Сарыарқа» арнайы экономикалық аймағындағы бірқатар нысанды аралап көрді. Өңірдің индустриалды әлеуетімен танысу «Бёмер Арматура» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінен басталды. Бұл – неміс технологиясы бойынша шарлы ілмекті арматура шығаратын бүкіл Орталық Азияда теңдесі жоқ кәсіпорын. Аталған өнім түрі мұнай-газ секторы мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында сұранысқа ие.
Мемлекет басшысы содан кейін Recycling Company жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қарасты Қазақстандағы ескі көлік құралдарын өңдейтін тұңғыш зауытта болды. Жылына 50 мың автомобильге дейін қайта өңдеуге мүмкіндік беретін балқыту цехының жұмысы мен шредерлік құрылғы Президенттің ерекше қызығушылығын туғызды. Машиналарды жинап, өңдеудің кешенді әдісі еліміздің автомобиль паркін жаңартуға, экологиялық ахуалды жақсартуға мүмкіндік береді.
«Альфарух» көтерме-бөлу орталығында Қасым-Жомарт Тоқаев кросс-док, климаттық қойма мен көтерме-бөлшек орталығын аралап көрді. Президент аталған нысанның транзиттік-логистикалық мүмкіндіктерін кеңейтудің маңыздылығын және Қарағандының тәжірибесін басқа өңірлерге енгізу қажеттігін атап өтті. Сондай-ақ мұнда Қарағандыдағы тұрғын үй құрылыстарының жүргізілу барысына арналған таныстырылым рәсімі өтті.
Мемлекет басшысына алдағы уақытта облыс орталығының ажарын аша түсетін жаңа сәулет жобалары көрсетілді. Облыс әкімі Ерлан Қошанов Қарағандының жаңа орталығында бой көтеретін тұрғын үйлер, әлеуметтік нысандар мен спорт кешендері туралы баяндады.
Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысына жасаған жұмыс сапарының аясында облыс орталығынан қашық аудандардың бірі – Пришахтинскідегі жаңа балалар емханасына барды. Жаңа медициналық мекеме бір ауысымда 300 адамды қабылдайды. Мемлекет басшысы емдеу кабинеттерін, заманауи медициналық құрал-жабдықтарды қарап көріп, дәрігерлермен әңгімелесті. Сондай-ақ Президентке облыстың міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізуге дайындығы жөнінде айтылды.
Мемлекет басшысы облыс әкімдігінде «Елдің индустриалды-инновациялық дамуы жөніндегі кеңес» өткізді. Кеңесте Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Скляр баяндама жасады.
Соңғы он жылда елімізде индустрияландыру саясатын жүзеге асырумен дәйекті айналысуда. Екі бесжылдық аясында одан ары индустриялық серпіліс жасау үшін берік іргетас қалыптасты. Индустрияландырудың екінші бесжылдығы кезеңінде машина жасау саласында өнім көлемі 1,8 есеге өсті. Машина жасауда автоөнеркәсіптің үлесін 26 пайызға дейін арттырып, өндірілетін автомобильдердің желісін кеңейтуге мүмкіндік туды. Қазір 167 АВТО моделі жиналады. Бұл Қазақстанда сатылған отандық әрбір екінші автоны құрайды. Бұдан басқа, машина жасаудың басқа секторларында да оң үрдіс байқалуда. Инфокоммуникациялық жабдықтар, модемдер, бекіту арматурасы, жарықтандыру құралдары және электр тарату аппаратурасы сияқты бірқатар жаңа тауар пайда болды. Экспортқа бағдарланған рефрижераторлық вагондарды шығару жолға қойылған.
– Біз Орталық Азияда бірінші болып қуаты 500 МВА дейінгі аса қуатты трансформаторлар шығара бастадық. Индустрияландыру бағдарламасының ең жоғары мүмкіндіктерін жүзеге асырудың жарқын мысалы «Қайнар-АКБ» АҚ болып табылады. Біздің аккумуляторлардың экспорты 9 елге – Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Әзірбайжан, Тәжікстан, Беларусь, Қытай, БАӘ, Бенинге жіберіледі, – деді Роман Васильевич.
Фарминдустрия соңғы 4 жылда өнім өндіру көлемін екі есе арттырды. Мысалы, Индустрияландыру картасы аясында енгізілген жергілікті Қарағанды фармацевтикалық кешенінде 2018 жылдан бастап дәрілік заттар өндірісінің сенімді өсуі байқалды. Отандық кәсіпорындар шығарылатын фармацевтикалық құралдардың ассортиментін кеңейтті (цефало-спориндер тобының антибиотиктері, онкологиялық ауруларды емдеуге арналған препараттар және т. б.). Нәтижесінде сатып алудағы қазақстандық өнім берушілердің үлесі «СҚ Фармация» 3,2 есе өсті.
Жылына 50 мың автомобильге дейін қайта өңдеуге мүмкіндік беретін балқыту цехының жұмысы мен шредерлік құрылғы Президенттің ерекше қызығушылығын туғызды.
– Біз ішкі нарықты қанағаттандыру туралы да ұмытпаймыз. Біз азаматтарымызды қолжетімді және сапалы тауарлармен қамтамасыз етуге тиіспіз. Ол үшін «қарапайым заттар экономикасын» дамыту бөлігінде саясат белсенді жүргізілуде, оны іске асыруға 600 млрд теңге бөлінген. Бүгінгі күні осы бағдарламаны жүзеге асыру аясында 2 жылға банктер 62 млрд теңге сомасына 150 жобаны мақұлдады. Қосымша, екінші деңгейлі банктер мен агрокредиттік корпорацияның қарауында 275 млрд теңге сомасына 210 жоба бар. Бағдарламаға барлық қажетті өзгерістер енгізілді, түпкілікті мөлшерлеме төмендетілді, басым жобалар тізбесі кеңейтілді, іске асыруға «Агрокредиттік корпорация» қосылды. Осылайша, жыл соңына дейін бағдарламаға бөлінген қаражаттың жартысын игереміз, ал екінші жартысы келесі жылы қосымша қаржыландырылады, – деді Роман Скляр.
Әлемдік трендтерге сәйкес өнеркәсіптік кәсіпорындарды цифрландыру бойынша белсенді жұмыс жүргізуде. Бұл бағытта жаңа сандық технологиялар мен инновацияларды енгізетін алғашқы қадамдар – компаниялар бар. «Индустрия 4.0» бүгінде ірі отандық компаниялар, технологиялық аудит қорытындысы бойынша институт мамандарымен бірлесіп жүргізуде. Фраунгхофер (Германия) өзінің даму стратегиясын қалыптастырды. Осы жұмыстың нәтижесінде 7 «модельді сандық фабрикалар» іріктеліп алынды, олардың мысалында цифрландыру мәселелерінде оң өзгерістер байқалып отыр.
– Бүгінгі таңда индустрияландырудың үшінші кезеңі бағдарламасының жобасы әзірленді. Қазіргі уақытта оның бизнес ассосацияларымен келісімі бойынша белсенді жұмыс жүруде. Бағдарламаның негізгі желісі экспорттың номенклатурасы мен күрделілігін кеңейтуге, сондай-ақ сандық технологиялар мен инновацияларды енгізуге бағытталған Индустриялық кәсіпкерлікті дамыту болып табылады. Экспортқа бағдарланған индустрияландырудың маңызды міндеттерінің бірі әлемдік экономикалық кеңістік құрудың жаһандық тізбегіне қосылу арқылы белсенді ықпалдасу болып табылады, – деді Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі.
Кеңесте Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов Президент алдында есеп берді. Сондай-ақ, «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ Басқарма Төрағасы Ахметжан Есімов қор жұмысындағы инвестжобалар туралы баяндады.
Кеңесте кәсіпкерлер атынан Eurasian Foods АҚ басқарма төрағасы Олег Винокуров сөйледі. Кәсіпкер Мемлекет басшысына кәсіпкерлікті несиелендіру пайызын 1-2 пайызға төмендетуге ұсыныс жасады.
– «Евразиан Фудс» АҚ АӨК өнімдерін терең өңдеу саласында жетекші орынға ие бола отырып, үздік әлемдік өндірушілердің жоғары өнімді автоматтандырылған жабдықтарымен жабдықталған және ERP SAP қаржы-бухгалтерлік мақсаттарда пайдаланады. Өндірісті дамытуға елеулі инвестиция сала отырып және халықаралық деңгейдегі үздік компаниялармен бәсекелесе отырып, жаңа технологиялар есебінен көшбасшылық ұстанымдарды ұстап қалу және бәсекеге қабілеттілік пен өнімділікті арттыру, еңбекті ұйымдастыру мәселелері кәсіпорын басшылығында әрқашан бірінші орында. Біздің кәсіпорын бәсекеге қабілеттілігін арттырып, соның ішінде кәсіпорын атынан тиімді модельді «сандық фабриканы» қалыптастыру үшін цифрландыру саласындағы озық тәжірибелерді қолданудамыз. ЫДҰ және ЕАЭО елдерімен бәсекеге қабілетті мөлшерлемелер қаржыландыруды қамтамасыз ету жылдық 1%-2% - ы ұлттық валютада болса деген ұсынысымыз бар, себебі кәсіпорындарға өндірістік қуаттарды жаңғыртуға және параллельді автоматтандыруға елеулі инвестициялар талап етіледі, – деді кәсіпкер.
«ЕСКО» ЖШС директоры, Қарағанды облысы Кәсіпкерлер палатасының Өңірлік кеңесі жанындағы жеңіл өнеркәсіп комитетінің төрағасы Андрей Шмарин да бизнесті несиелеу пайызын төмендетуді сұрады.
Бизнесмен мемлекеттік сатып алу жүйесінде ОТӨ басым құқықтарының нақты болмауы, әділ бәсекелестік қағидаттарын тікелей бұзатын және теріс пайдалану үшін алаң құратын мемлекеттік сатып алу жүйесінде мүгедектер ұйымдарында негізсіз жеңілдіктердің болуы, бөлшек сауда желілеріне кіру кезіндегі проблемалар (жеткізілетін өнім үшін алдын ала төлемнің болмауы, ретро-бонустар, ОТӨ тауарларында «толық» артықшылықтардың болмауы) алаңдататындығын жеткізді. «Кәсіпорындардың жабдықтарын жаңғыртуды ынталандыру, жабдықтарды жаңғырту құнының пайызы 2-3%-дан аспауы тиіс, өйткені сол арқылы елдің нақты байлығы құрылады», – деді баяндамашы.
Бағдарламаға сәйкес, сапар Жезқазғанда жалғасады. Онда Қ.Тоқаев мыс балқыту зауытының жұмысымен танысады. 24 тамызда Мемлекет басшысы Ұлытауда өтетін Халықаралық туризм форумына қатысады және ІІ «Жезкиік» халықаралық музыка фестиваліне қатысады.