Францияда фермер қойларын оқушы ретінде тіркеп, мектепке берген.
Оқиға Крет-ан-Белльдон деп аталатын альпілік ауылда болған. Фермер өзінің 15 қойын мектепке беріп, оқушы ретінде тіркетіп қойған.
Ол бұл қадамға мектептегі толық жасақталмаған бастауыш сыныпты жабылудан құтқару үшін барған екен.
Бұл идея сол ауылда қой бағатын тұрғынның ойына келіпті. Осылайша, бірінші сыныптағы оқушы санын арттырған.
Бір қызығы, бұл идеяны жүзеге асыру үшін әр қойға есім беруге тура келген.
Қойларын мектепке айдап әкелген фермер қала басшысына малының туу туралы куәлігін де ұсынған екен.