Бейруттағы жарылыстан қаза тапқандар саны 113-ке жетті
Бейруттағы жарылыстан қаза тапқандар саны 113-ке жетті
Фото: Интернеттен алынды
230
оқылды
Reuters агенттігінің хабарлауынша, қаза тапқандар саны қазір 113 адамға жетті. Жарылыстан мыңнан астам адам жарақат алып, ондаған мың адам баспанасыз қалды. Жерорта теңізіндегі Бейрут портынан шамамен 160 шақырым шалғайдағы Кипр аралындағы ғимараттардың да теңселіп кеткені хабарланды. Алдын ала анықталған ақпаратқа қарағанда жарылыс Бейрут портындағы жарылғыш материалдардың өте үлкен көлемі қауіпсіз жағдайда сақталған қоймада болған. Қайғылы оқиға – осыдан 30 жыл бұрын аяқталған азаматтық соғыстан кейін әлі күнге қайта қалпына келуді бастан кешіріп жатқан Бейруттың бүкіл тарихындағы ең қуатты жарылыс. Ливан президенті Мишель Аун халыққа жолдаған үндеуінде ел Үкіметтің оқиғаны жіті тергеуге мүдделі екендігін және кінәлілер жауапқа тартылатынын айтты. Бұған дейін 5 тамыз күні Бейрут уақытымен сағат 00:30-да Ливанның Денсаулық сақтау министрі Мұхаммед Хасан жарылыстан 4 мыңға жуық тұрғын жарақат алғанын мәлімдеді. Шетелдердің басшылары Бейруттағы жарылысқа байланысты Ливан халқына көңіл айтып, шұғыл көмек көрсетуге дайын екенін білдірді. 5 тамыз күні жарылыстың неден шыққаны анықталды. Жергілікті билік мәлімдемесіне сәйкес, аммоний нитратының үлкен партиясы (аммиак селитрасы  – ред.) портта ұзақ уақыт тұрғанымен, қауіпсіздік талаптары сақталмаған.