Комада жатқан әйел босанды
Комада жатқан әйел босанды
202
оқылды

Чехияның Брно қаласындағы ауруханада комада жатқан әйел дүниеге қыз әкелген.


Баланың дені сау, салмағы – 2,1 келі. Дүниеге кесір тілігі арқылы келдң. Бұл жайында dw сайты хабарлады.

27 жастағы  келіншек миына қан кетіп, комаға түскен болатын. Ол кезде әйелдің жүктілігі 16-апта болатын.

Жедел жәрдем оны ауруханаға әкелгенше жағдайы нашарлап кеткен. Дәрігерлер, миының өлгенін тіркеген.

Үш айдай дәрігерлер әйелдің ағзасын қолдан демеп, босанатын уақытын күткен.  Содан кейін ғана ол құрылғыдан ажыратылған. Дәрігерлердің айтуынша, бұл – таңғайып жағдай.

Қазіргі уақытта сәби әкесімен бірге.  

Қызығы, дәл осындай жағдай бұл ауруханада 2016 жылы болған. Бірақ ода босанған әйел, кейін есін жиған болатын.