А.Көлгінов: Автобустарды күту интервалы азайтылады
А.Көлгінов: Автобустарды күту интервалы азайтылады
5,189
оқылды

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов жоғары бағыттарға қосымша автобустар шығаруды тапсырды.

Бұл жайында әкім өзінің Twitter парақшасында жазды. 

 «Оқу жылының басталуына және еңбек демалысы маусымының аяқталуына байланысты жолдарда трафик артып отыр. Осы ретте, өз бағыттарыңызды алдын ала жоспарлауды сұраймыз.

Көлік басқармасына тұрғындар арасында аса сұранысқа ие бағыттарға қосымша автобустар шығаруға, сондай-ақ қоғамдық көліктің желіге барынша толық шығуын және күту арақашықтығын азайтуды тапсырдым», - деп жазған ол.