Майк Тайсон мен Рой Джонс 12 қыркүйек күні рингте қолғап түйістіреді
Майк Тайсон мен Рой Джонс 12 қыркүйек күні рингте қолғап түйістіреді
273
оқылды
Аты аңызға айналған әйгілі боксшылар арасындағы тарихи жекпе-жек 12 қыркүйек күні АҚШ-тың Калифорния штатында төрешілерсіз өтетін болды. CSAC басшысы Энди Фостер Майк Тайсон мен кіші Рой Джонс жекпе-жек шоуының негізгі ережелерін жариялады. Оның айтуынша, 8 раундқа жоспарланған бұл бокс кешінде ұпай санын есептеуші төрешілер болмайды. Олар рингте бас киімсіз 12 унциялық қолғаппен жұдырықтасады. Бұл жекпе-жекте олар айтарлықтай қомақты қаржы алуы мүмкін. Алайда қайсыбірінің жүзінен қан шыққан жағдайда бокс тоқтатылады, – дейді CSAC басшысы. https://www.youtube.com/watch?v=qX6tsyWyI5I Бұған дейін әлеуметтік желіде Тайсонның әбжіл қимылы желі қолданушыларының талқысына түскені туралы жазғанбыз. «Майк Тайсон әлі күнге дейін үлкен қауіп тудыратын боксшылар қатарында» деген жазбаны 133 оқырман бөлісіп, жүздеген пікір қалдырылған. Пікір қалдырушылардың бірі Тайсонның 1 секундта жойқын 3 соққы жұмсай алатынын жазған. Айта кетейік Тайсон соңғы рет рингке 2005 жылдың 11 маусымында шыққан. Бүгінде темір жұдырықты Тайсон 54 жаста. Ал оның қарсыласы Джонс 51-ге толды.