Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің хабарлауынша, 7 тамыз сағат 09:00-дегі жағдай бойынша шілдеде шектеу шараларының енгізілуіне байланысты табысынан айырылғандарға берілетін 42 500 теңге біржолғы төлем тағайындауға 2 млн 480 мың бірегей өтініш қабылданды.
Төлемді 2 млн 227,1 мың қазақстандық алды. Оның ішінде 2 млн 138,7 мың адам тамыз айында карантиннің ұзартылуына байланысты 0,5 ЕТЖ – 21 250 мың теңге мөлшерінде қосымша ақы алды.
Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда.
МӘСҚ-тан төлем алуға өтінімдер бірнеше арна арқылы қабылданады.
2 млн 480 мың өтінімнің ішінде:
– 835,3 мың адам проактивті форматта төлем тағайындауға келісім берген;
– 632,1 мың адам Egov.kz порталы және telegram-боттар арқылы;
– 370,2 мың адам 42500.enbek.kz порталы арқылы;
– 642,6 мың адам екінші деңгейдегі банктердің мобильдік қосымшалары мен интернет-ресурстары арқылы өтініш берген.
Азаматтардың санаттары бөлінісінде:
– 835,3 мың өтініш бірыңғай жиынтық төлем төлеушілерден келген (проактивті форматта);
– 224,6 мың өтінішті жалдамалы қызметкерлері үшін жұмыс берушілер берген;
– 1 млн 420,5 мың өтініш азаматтардың басқа санаттарынан келіп түсті (жеке кәсіпкерлер, жеке практикамен айналысатын адамдар, азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табыс алатын жеке тұлғалар).
Өтініш қабылдау 1 қыркүйекке дейін жалғасады.