Билл Гейтс: Әлемді коронавирустан да күрделі дағдарыс күтіп тұр
Билл Гейтс: Әлемді коронавирустан да күрделі дағдарыс күтіп тұр
244
оқылды
Microsoft -тың негізін қалаушы Билл Гейтс алдағы онжылдықта планетаны қазіргі коронавирустық пандемиядан әлдеқайда күрделі дағдарыс күтіп тұр деп санайды. Ол бұл туралы өз блогында жазды деп хаарлады rg.ru. Гейтстің пікірінше, адамзат үшін климаттың өзгеруі жаңа проблемаға айналады.
"Егер сіз климаттың өзгеруі адамзатқа қандай зиян келтіретінін білгіңіз келсе, COVID-19-ға қарап, азаптың әлдеқайда ұзақ уақытқа созылу мүмкіндігін елестетіп көріңіз. Егер біз әлемдегі көміртегі шығарындыларын жоймасақ, бұл пандемиядан туындаған өлім-жітім мен экономикалық қиындықтар үнемі қайталанатын болады, - деп жазды ол.
Оның ойынша, коронавирусқа қарағанда климаттың өзгеруі өлім-жітім деңгейінің өршуіне алып келеді.
"Өткен аптадағы мәліметтер бойынша, бүкіл әлемде COVID-19-дан 600 000-нан астам адам қайтыс болды. Жыл сайын бұл 100 000 адамға шаққанда 14 өлім көрсеткіші. Бұл климаттың өзгеруімен қалай байланысты? Алдағы 40 жыл ішінде жаһандық температураның көтерілуі әлемдік өлім-жітім деңгейінің дәл осындай мөлшерге, яғни, 100 000 адамға шаққанда 14 өлім жағдайының ұлғаюына алып келеді деп болжануда. Ғасыр соңында, егер шығарындылардың өсуі жоғары күйде қалса, климаттың өзгеруі 100 000 адамға 73 қосымша өлімге әкелуі мүмкін. Шығарындылардың неғұрлым төмен деңгейі кезінде өлім деңгейі 100 000 адамға шаққанда 10-ға дейін төмендейді. Басқаша айтқанда, 2060 жылға қарай климаттың өзгеруі COVID-19 сияқты өлімге әкелуі мүмкін, ал 2100 жылға қарай ол бес есе өлімге әкелуі мүмкін", - дейді Гейтс.
Сондай-ақ, ол экономика саласына да зор залал келетінін айтады. Мұндай жағдайлардың алдын алу үшін, Гейтстің пікірінше, климаттың өзгеруіне қарсы күреске түрлі саладағы ғылыми тетіктерді бағыттау керек. Қабылданған шешімдер кедей елдерде де жұмыс істеуі қажет. Ал бұл бағыттағы күресті коронавирустық пандемиядан сабақ алу арқылы дәл қазірден бастау керек, яғни пандемияға қарсы тұру кезінде әлем елдерінің әрекеті сияқты біртұтас және шиеленісті әрекет ету керек.