Конституция – дамудың кепілі
Конституция – дамудың кепілі
443
оқылды

Конституция азаматтардың бостандығы мен құқықтары сақталуының, еліміздің тұрақты дамуының кепілі ретінде заман сұранысына жауап беріп келеді. Бүгінгі электронды, яғни цифрлы өркениет дәуірінде мемлекеттік қызмет жүйесіне қойылатын талап та күшеюде. Алайда қоғам цифрлы өркениеттің жетістігіне сай трансформацияланғанымен, Конституция азаматтар мен мемлекет дамуы үшін негізгі құжат, бағдар болып қалатыны сөзсіз. Ойшыл Шәкәрім Құдайбердіұлының «құбылған әлем жарысы, ақылды жанның табысы» деген сөзі бар. Демек, бүгінгі әлемдік өркениеттің жемісі цифрлы технологияны пайдалану ел дамуы үшін қажет.

Цифрлы өркениет мемлекеттік органдардың алдына жаңа мін­дет­тер қойып отырғанын атап айтуға болады. Бұл ең әуелі Конституция­ның мызғымас негізгі қағида­лары­на орай азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына, әр азамат­тың жеке басына қатысты құпия­ның сақталуы және ақпарат қауіп­сіздігін қамтамасыз ету мә­се­лесімен тікелей байланысты.

Осы тұста мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік қызмет көрсетуді же­тілдіруге қатысты Мемлекеттік қыз­мет істері агенттігінің жүргізіп ке­ле жатқан жұмыстарына тоқталу орынды.

Конституцияның 33-бабының 4-тармағында азаматтардың мем­лекеттік қызметке кіруге тең құ­қы­ғы бары айтылған. Қазақстан Рес­публикасының Тұңғыш Пре­зи­денті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев кәсіби мемлекеттік ап­паратты қалыптастыру туралы үнемі айтып келеді. Президент Қа­сым-Жомарт Тоқаевтың сай­лауал­ды бағдарламасында айқын­далған мақсаттар мен міндеттерді жүзеге асыру бойынша агенттік жұмысын жалғастыруда.

Кәсіби мемлекеттік аппаратты қа­лыптастыру, қоғамға ашықтық пен сапалы қызмет көрсету, мем­лекеттік қызметшілердің құқық­бұзушылыққа жол бермеу мәселесі күн тәртібінен түскен емес.

Жоғарыда атап өткендей мем­лекеттік қызметшілердің іс-әре­кеті қоғамның қатаң бақылауына өтіп келеді. Азаматтардың ин­тер­нет ресурстарын еркін пайдалануы қо­ғамдық бақылауға жаңа серпін беру­де. Бұл орайда агенттік қоғам­дағы өзгерістерге сай тиісті іс-ша­раларды атқарып отыр.

Атап айтқанда, 2015 жылдан бері мемлекеттік қызметшілердің құ­қықбұзушылық фактілері 80 пайызға төмендеді. Мемлекеттік қызметшілердің құқық бұзу фак­тілерінің төмендеуі бір жағынан заңмен белгіленген мемлекеттік органдарда Әдеп жөніндегі уәкіл институтының енгізілуімен бай­ланысты болса, екінші жағынан циф­рлы дәуірдегі азаматтық бел­сенділіктің артуымен, сондай-ақ агенттіктің профилактикалық мақ­саттағы жүргізген жұмыстары­ның нәтижесі деп айту орынды.

Мемлекеттік қызметте лауа­зым­дық ілгерілеуде меритократия қағидасы ерекше мазмұнға ие.

Меритократия қағидасымен жүр­гізілген кадр таңдау мен олар­ды өсіру қабылданатын ше­шімдердің жоғары сапасын қам­тамасыз етеді. Бұл дегеніміз – Конс­титуцияның әлеуетін жүзеге асыруға бағытталған басты қадам. Себебі, мемлекеттік қызметтегі бі­лікті кадрлар – сапалы заңдар мен билік тармағындағы қабыл­данатын сапалы шешімдердің кепілі. Ме­ри­тократияны әлеу­меттік модер­ни­зацияның құрамдас бөлігі ре­тінде қарастыру керек. Жоғарыда атап өткен ашық кон­курс өткізу бү­гінгі цифрлы дәуірде аса ма­ңызды.

Меритократия – адамдардың әлеуе­тін жүзеге асыру құралы. Ме­ри­­тократия қағидатын енгізу мем­ле­кеттік қызметкердердің өз ең­бе­гінің объективті түрде бағала­на­тынына сенімін қалыптастырады, яғни мемлекеттік аппаратқа деген сенім жоғарылайды.

Бүгінгі Қазақстандағы мемле­кеттік қызметшілердің орташа жасы 38 жасты құрап отыр. Сон­дай-ақ мемлекеттік қызмет­ші­лер­дің орташа еңбек өтілі 10 жыл. Бұл өз кезегінде цифрлы өркениеттің же­тістіктерін игеруге толық мүм­кін­дік береді. Мемлекеттік қыз­мет­шілердің басым көпшілігі жаңа тех­нологияларды жұмыстарында ер­кін пайдалана алады деп нық се­німмен айтуға болады.

Осы тұста айта кететін бір мә­селе – мемлекеттік қызметшілердің қоғамға ашықтығы. Бүгінде цифрлы өркениеттің жетістігі ре­тінде интернет желісінің кең та­ралуын айту орынды. Осы орайда қо­ғаммен кері байланыс үшін смартфондардың қызметі айтар­лықтай қажет.

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Біз үшін қарапайым ха­лықтың әлеуметтік жағдайын білу және дер кезінде әрекет ету өте маңызды. Әкімдер халықтың сұра­нысына жедел ден қойып, түсіндіру жұмыстарын жүргізуі тиіс» деп әлеуметтік желілерде белсенді жұ­мыс істеу маңызын атап өтті.


Мемлекеттік қызметшілердің әлеуметтік желілерді белсенді пай­далануы бүгінгі заманның сұра­ны­сына айналып отыр. Демек, мем­ле­кеттік қызметшілерге қызме­тінде ақпараттық қауіпсіздік мәсе­лесінде жауапкершілікті жеке мойы­нына ала отырып, смартфон­дарды пайдалану мүмкіндігін бе­ру – цифрлы дәуірдің талабы. Мем­лекеттік көрсетілетін қызмет са­па­сын бұдан ары арттыру бағыты бойын­ша да жұмыстар жүргізілуде.

Конституция қабылданған ша­ғынан бастап мемлекет пен азамат қа­тынастарын құруға, сервистік мем­лекеттің ұлттық моделін жа­сақтауға бағытталған. Осыған бай­ланысты, адам мемлекеттің ең қым­бат қазынасы ретінде конс­ти­туциялық жариялануы Қазақ­стан­да сервистік мемлекеттік бас­қару­ды жетілдірудің негізін қалады.

Бұл қызмет алу кезіндегі «клиент­ке бағдарлық», ашықтық жә­не қолжетімділік принциптері не­гізіндегі мемлекеттік аппарат­тың азаматтармен қатынасын қалыптастырды.

Мемлекеттік басқаруды жаң­ғырту басымдылықтары ретінде мем­лекеттік қызметтер көрсету са­ласын реформалаудың ең маңыз­ды кезеңі деп 2007 жылды ай­туға болады. Ол кезде алғаш рет ұлт­тық заңнамаға – «Әкімшілік рә­­сімдер туралы» заңына «мем­ле­кет­тік көрсетілетін қызметтер» түсі­нігі енгізілді. Сол жылы Үкімет 132 қызметтен тұратын Мем­ле­кеттік көрсетілетін қызмет тізі­­мін бекітті, бүгін қызмет саны 5,5 есеге (740 қызмет) артты. Аталған са­ланы конституциялық принцип­тер негізінде дамытудың өзекті ше­шімі ретінде 2013 жылы «Мем­лекеттік көрсетілетін қызметтер ту­ралы» жаңа заңының қабыл­дануы болды. Бұл заң мемлекет­тік қыз­меттер көрсету кезінде аза­­маттардың құқықтары мен заңды мүд­­делерін қорғауды қам­тамасыз етуге бағытталды. Мы­салы, 2018 жы­лы агенттік қызмет алушы­лардың бұзылған құқық­тарының 86 пайыз жағда­йында қалпына келтірді.

Елбасы «Цифрлы Қазақстан» мем­лекеттік бағдарламаларын қа­былдаған сәттен бастап елде мем­лекеттік қызметтерді электронды нысанға көшіру бойынша үдемелі жұмыс атқарылып жатыр.

Бүгін тізімдегі мемлекеттік қыз­меттердің жалпы санының 72,7 пайызы электронды нысанға кө­шірілген. Бүгінгі таңда бар­лық көр­сетілген қызмет санының 76 пайызы онлайн режимде болса, 13 пайызы «бір терезе» қағидаты бойын­ша жүзеге асып отыр. Бұл ре­тте барлық лицензия және ­рұқ­сат беру құжаттары кәсіп­кер­лерге тек қана электронды нысанда бе­ріледі.

Қабылданып жатқан шаралар электронды үкіметті дамыту ин­дек­сінде Азия елдері арасында ал­дыңғы орындарды иемденуге мүм­кіндік берді, ал БҰҰ осындай ин­дексінде 193 ел арасынан 39-орындамыз.

Тұңғыш Президентіміздің тап­сырмасына сәйкес 2019 жылы мем­лекеттік қызметтердің 80 пайы­зы электронды форматқа кө­шірілетін болады, ал 2020 жылы ол 90 пайызға жетеді деп күтілуде.

Шетелдік озық тәжірибені ала оты­рып, әлемдік көшбасшылар дең­гейіне жетуді мақсат тұту мем­лекеттік қызметтер көрсету ке­зін­дегі жаңа құралдарды, тех­но­ло­гия­ларды және механизмдерді енгізу бұл саланың тұрақты түрде жетілуі­не мүмкіндік береді. Бұл ретте Конс­титуция азаматтардың құ­қықтары мен бостандықтары және заңды мүдделерін қорғаудың кепілі болады.

Цифрлы өркениеттің қар­қын­ды дамуына қарамастан, Қа­зақ­станның әрбір азаматы өз іс-әре­кетінде Конституцияның қағи­да­ларына, заң талаптарына бағынуы маңызды. Бұл өз кезегінде тұрақ­ты­лық пен қарқынды дамуға ық­пал етері айқын.

Дархан ЖАЗЫҚБАЕВ, 
Мемлекеттік қызмет істері агенттігі
 төрағасының орынбасары