9 жасар бала тоққа түсіп, хал үстінде жатыр
9 жасар бала тоққа  түсіп, хал үстінде жатыр
274
оқылды

Батыс Қазақстан облысында 9 жасар бала токқа түскен. Қазір бала аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр.

Осы жайында хабарлама Ақжайық ауданының әкімдігіне түскен.

Оқиға Ақжайық ауданына қарасты Чапаев ауылында болған. Кеше кешкі 19.00 шамасында.

Далада ойнап жүрген үш бала трансформатор тұрған нысанға кіріп кеткен. Сол кезде біреуі тоққа түскен. Оның жасы – 9-да.

Бала бірден Оралдағы облыстық көпбейінді балалар ауруханасына жеткізілген. Қазіргі кезде ол аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр.

Оқиға бойынша барлық материал аудандық полиция бөліміне беріліп, тексерілуде.