700-ге жуық отбасы баспаналы болды
700-ге жуық отбасы баспаналы болды
341
оқылды

Түркістанда 700-ге тарта отбасына баспана кілті табысталды.


Кеше Конституция күніне орай Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев түркістандықтарды мерекемен құттықтап, салтанатты шарада 700-ге жуық отбасына пәтер кілтін табыстады. 

Пәтер оларға «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында беріліп отыр. Жаңа баспана иелері «Отырар» ықшамауданында салынған көпқабатты тұрғын үйдің 5 қабатты 11 тұрғын үйге қоныстанды. Онда бір бөлмелі 165 пәтер, екі бөлмеліден 165 пәтер және 3 бөлмеліден 330 пәтер берілген болатын. Барлығы 660 отбасы жаңа баспанаға кіретін болды.

Пәтер негізі кезекте тұрған халықтың әлеуметтік аз қамтылған және тұрғын үйге мұқтаж санатына жататын азаматтарға берілді.