ШҚО-да төрт күн бұрын жоғалып кеткен әйел өлі табылды
ШҚО-да төрт күн бұрын жоғалып кеткен әйел өлі табылды
фото: ашық дереккөз
5,273
оқылды
Төрт күн бұрын хабар-ошарсыз кеткен ШҚО Глубокое ауданының 40 жастағы тұрғыны Лариса Гусак өлі табылды. Бұл туралы облыс полициясының Instagram-дағы парақшасында жазылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. Жоғалған әйелдің туыстары оның үйден таңертең ерте жұмысқа шығып кеткенін және қайтып оралмағанын айтты. Полиция аса ауыр қылмыс жасады деген күдіктіні анықтады. Ол жәбірленушімен таныс болған 59 жастағы ер адам болып шықты. "Ол Ресей Федерациясымен шекарада ұсталды. Ер адам ел аумағынан жеңіл көлікпен шығып кетуге тырысқан. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деді ШҚО ПД басшысының орынбасары полиция полковнигі Талғат Шаяхметов. Әйел бүгін Глубокое ауданы Белоусовка ауылынан жеті шақырым жерде көмілген күйде табылды. Еріктілер мен полиция қызметкерлері жоғалған әйелді табу үшін төрт тәулік бойы елді мекеннің айналасын аралап шыққан. Глубокое ПБ полиция қызметкерлері тергеу іс-шараларын жүргізіп жатыр.