"Гарант 24 Ломбард": алаяқтық бойынша іздеуде жүрген күдікті ұсталды
"Гарант 24 Ломбард": алаяқтық бойынша іздеуде жүрген күдікті ұсталды
фото: ашық дереккөз
249
оқылды
"Гарант 24 Ломбард" ЖШС-нің салымшыларын қаржы пирамидасына тарту және алаяқтық деректері бойынша ағымдағы жылдың ақпан айынан бері іздеу жарияланған азамат анықталып,  ұсталды. Атырау облысы Полиция департаментінің қызметкерлері Батыс Қазақстан облысындағы әріптестерімен бірлесіп жүргізген жедел іздестіру шаралары нәтижесінде күдіктіні Орал қаласы аумағында қолға түсірді. Ұсталған азамат уақытша оқшаулау орнына қамауға алынды. Естеріңізге сала кетейік, 2020 жылдың ақпан айынан Полиция департаментіне «Гарант 24 Ломбард» ЖШС-не және «Нурали Капитал», «Выгодный займ» микрокредиттік ұйымдарының филиал басшыларына азаматтардың жылжымалы және жылжымайтын мүліктерін, ақшалай қаражатын заңсыз иемденіп алу әрекеттеріне қатысты өтініштер түсті.  Азматтардың шағымы негізінде қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру шаралары жүргізілуде.