Беларусьтегі президент сайлауының нәтижесі белгілі болды
Беларусьтегі президент сайлауының нәтижесі белгілі болды
Фото: Интернеттен алынды
209
оқылды
Қазіргі мемлекет басшысы Александр Лукашенко 80,23% дауыс жинаған. Комиссияның мәліметінше, сайлаушылардың 9,9%-ы Светлана Тихановскаяға, 1,68% Анна Канопацкаяға, 1,04% Андрей Дмитриевке, 1,13%-ы Сергей Череченьге, ал 6,02%-ы барлық үміткерге қарсы дауыс берген. Сайлаудың қазіргі нәтижесін журналистерге ОСК төрайымы Лидия Ермошина жариялады, – деп жазады «Қазақпарат».
«Біз оларды қолмен жаздық. Өйткені Орталық комиссияда сарапшы екеуіміз ғана болдық. Түнгі сағат бірде Үкімет үйінен эвакуацияландық. Сондықтан біз нәтижелерді қабылдамай алмадық. Нәтижелер брифинг басталар алдына ғана қолымызға тиді», – деді Лидия Ермошина.
Беларусь ОСК-ның қазіргі мәліметі бойынша, президент сайлауына 5 798 908 адам, яғни тізімдегі сайлаушылардың 84,23%-ы қатысқан.