Қазақстанда 3 баладан Кавасаки синдромы анықталды
Қазақстанда 3 баладан Кавасаки синдромы анықталды
© сурет интернеттен алынды
5,159
оқылды
Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов елімізде 114 бала коронавирустан емделіп жатқанын хабарлады.
«Наурыздан бері коронавирусқа 2 257 бала шалдыққан. Қазақстан ауруханаларында 114 бала емделіп жатыр», - деді ресми өкіл Орталық комунникациялар қызметінде.
Оның айтуынша, үш жеткіншекте Кавасаки синдромы анықталды. Кавасаки синдромы күретамырларға зақым келтіреді.
«Жыл басынан бері жалпы үш жағдай тіркелді, яғни Нұр-Сұлтанда, Алматыда және Петропавлда», - деді ол.
Ресми өкілдің айтуынша,  бұл өте күрделі синдром. Сондықтан ерекше бақыланады. Балалардың денсаулығы әртүрлі дәрежеде. Елордадағы баланың денсаулық жағдайы тұрақты.