Алексей Цой карантинді ашуға байланысты пікір білдірді
Алексей Цой карантинді ашуға байланысты пікір білдірді
Фото: Интернеттен алынды
233
оқылды
Оның айтуынша, карантиннің соңғы бес аптасында коронавирус жұқтыру көрсеткіші 100 мың адамға шаққанда 56,73 адамнан 36,2-ге дейін төмендеген.
«Карантинді жеңілдету қоғамдық орындарда маска режимі мен гигиенаны қатаң сақтай отырып, халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу арқылы іске асады», – деді министр.
Сонымен қатар Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстанда коронавирусқа шалдығу көрсеткіші 2 есеге жуық төмендегенін айтты.
«Мемлекет басшысының қолдауы мен түсіністік танытуының арқасында біз ауруды статистикалық есепке алуға көштік. Қазақстан клиникалық-эпидемиологиялық мәліметтер негізінде зертханалық нақтылаусыз коронавирус инфекциясы жағдайларын тіркеуді алғашқылардың бірі болып қолға алды. Бұл ең бірінші кезекте халықтың аурудың қауіптілігін түсіну үшін қажет болды», – деді министр.
Сондай-ақ министр статистикаға жаңа әдіс енгізу төсек-орын қорын айтарлық кеңейту есебінен стационарлық ем алатын пациенттер санын барынша ұлғайтуға мүмкіндік бергенін түсіндірді.
«Бұл жүздеген өмірді сақтап қалды. Өйткені адам өмірін сақтап қалу үшін қажетті дем алуды жасанды қолдау тек стационарлық жағдайда ғана көрсетіледі. Коронавирус індетіне байланысты жедел жәрдем шақыру 62 пайызға төмендеді. Қабылданған шаралардың арқасында денсаулық сақтау жүйесіне жүктеменің негізгі көрсеткіштерін төмендетуге қол жеткізілді. Елімізде орташа есеппен аурудың тәуліктің өсімі 2 есеге жуық төмендеп, емделіп шыққандар саны 73,6 пайызға артты», – деді Алексей Цой.