Праймеризді өткізуге дайындық пысықталды
Праймеризді өткізуге дайындық пысықталды
5,285
оқылды
Жиынға партияның аумақтық филиалдарының өкілдері, ұйым­дастыру комитеттері мен есеп комиссияларының төрағалары мен орынбасарлары, сондай-ақ бастауыш партия ұйымдарының төрағалары қатысты. Семинарда сайлау учаскелерін материалдық-техникалық жаб­дықтау, карантин жағдайында қорғаудың барлық шарасын сақтай отырып, іс-шараларды өт­кізудің желілік кестелері, кан­дидаттарды тіркеу, пікірсайыс өткізуді ұйымдастыру, мобильді қосымша арқылы дауыс беру үшін партия мүшелерін есепке алудың орталықтандырылған базасында мобильді нөмірлерді түзету, сондай-ақ веб-портал, сайлау учас­келерінде онлайн дауыс беру мәселелері талқыланды. Сонымен қатар праймериздерге қатысу ережесінің негізгі мәсе­лелері, партияішілік іріктеуді өткізу тетігі, барлық деңгейдегі мәсли­хат депутаттығына кан­ди­дат­тарды ұсынудың рөлі және бас­қа да өзекті мәселелер түсіндірілді. Естеріңізге сала кетейік, бү­гін­­де осындай семинар-кеңес­тер облыстың 10 қаласы мен ау­да­­нында: Балқаш, Приозерск, Жезқазған, Сәтбаев, Қаражал, Теміртау қалаларында, сондай-ақ Қарқаралы, Шет, Ақтоғай, Ұлы­тау және Жаңаарқа аудандарында өтті.  

А.ЖАСАНҰЛЫ