Салықтан босату кәсіпкерлерді «көлеңкеден» шығарады

Салықтан босату кәсіпкерлерді «көлеңкеден» шығарады

Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Экономика институты директорының ғылым жөніндегі орынбасары, экономика ғылымдарының кандидаты Ақсана Панзабековамен Қазақстан Президентінің Жолдауындағы өзекті мәселелер бойынша әңгімелестік.

– Ақсана Жақытжанқызы, салықтан босату шағын және орта бизнес компа­ния­ларының ұлғаюына, кеңе­юі­не қалай әсер етеді? ШОБ секторы мобильді бола ма?

– «Салықтық каникулдар» түрлі форматта бірқатар шетелде кеңінен қолда­ныла­ды. Сондай-ақ, әдетте, бұл ша­ра инвестицияларды тартуға және жаңа өндірістерді қол­дауға бағытталған. Мысалы, Жапонияда жаңа технология­лар базасында өнім шыға­ра­тын кәсіпорындардың 50 па­йызына дейінгі салық жеңіл­діктері бұрыннан енгізілген. Бұл инвестициялар мен ма­мандарды («Алтын жаға» деп аталатын) тартуға мүмкіндік берді және шағын және орта бизнеске HiTec саласына серпілісті қамтамасыз етті. 1983 жылдан бастап Ұлыбри­танияда капиталға, жылжы­майтын мүлікке, іскерлік опе­рацияларға табыс салығынан босатуды көздейтін «Жас кә­сіпкерлер» бағдарламасы әрекет етеді.

Салықтардан босату көп­теген қазақстандық кәсіпкерге «көлеңкеден» шығуға және таза жалақы төлеуге мүмкіндік береді. Бұл бюджетке де, жұ­мыс берушілерге де, жұмыс­шы­лардың өздеріне де оң әсер етуі тиіс. Біздің елімізде ат­қа­рушылық өндірістің неғұр­лым тиімді жүйесін қалып­тастыруға мүмкіндік береді.

– ШОБ секторының кә­сіпо­рындарын тексеруге ты­йым салу өндірілетін өнім­нің сапасына әсер ете ала ма? Бақылаудың босаң­суына сұраныс пен өндіріс көлемінің сақталуы үшін не істеу қажет?

– ШОБ секторы кәсіпорын­дарын тексеруге тыйым салу әкімшілік кедергілерді төмен­детуге мүмкіндік береді. Ал олар жоғары салық салумен және нормативтік-құқықтық базаның жетілдірілмеуімен қатар ШОБ-тың тиімді да­муына айтарлықтай кедергі келтіретін теріс фактор болып табылатыны белгілі. Тексеруге тыйым салуды енгізу сы­бай­лас жемқорлық, құқық­бұ­зу­шылық деңгейін төмендетуге мүмкіндік береді.

ШОБ секторының кәсіпо­рын­дарын тексеруге тыйым салу өндірілетін өнімнің са­пасына әсер ете алмайды. Ке­рісінше, бәсекелестік күресте сапа тек қана артуы тиіс. Тұ­тынушылар өнім сапасының өзгеруіне немесе нашарлауына өте сезімтал. Сондықтан бұл кәсіпкерлерге тиімді емес. Бұл ретте, әрине, өндірушілер ЕАЭО, ДСҰ және басқа да аймақтардағы қабылданған сапа стандарттарына жауап беруі тиіс.

– Шағын және орта бизнес мәселелеріне еліміздің Тұң­ғыш Президенті де көп көңіл бөлді, ол бүгін де ашық кү­йінде қалып отыр. Басқаша айтқанда, қазіргі баста­ма­лар­дан қандай нәтиже кү­туге болады?

– Экономика бір орында тұр­майды. Тарихтың әрбір ке­зеңінде мемлекет тиісті ша­ралар қабылдайды. Қазіргі уа­қытта экономика мен мем­лекеттің неғұрлым сапалы даму деңгейіне көшеміз. Бүгін айтылған экономиканы жақ­сарту жөніндегі шаралар те­рең пысықталды. Баяндау ло­гикасы мен нақтылығы бо­йынша, проблемалар тал­дан­ды, ақпараттың үлкен бөлі­гі­нің, соның ішінде еліміздің азаматтарының ұсыныстары зерттелді деуге болады. Ал­дағы уақытта оң нәтиже көріп, қабылданған шешімдердің же­місін пайдаланатын бола­мыз деп есептеймін. Әрине, Пре­зидент айтқан бастамалар қысқамерзімді кезеңде (1-2 жыл) айтарлықтай эконо­ми­калық өсуді, бюджет кірісте­рі­нің елеулі өсуін қамтамасыз етпейді. Осы шаралардан елеу­лі экономикалық тиім­ді­лігі орта мерзімді перспек­ти­вада ғана жалпы экономи­ка­лық процестердің инерциа­лы­ғына байланысты көрінеді.

– Әңгімеңізге рақмет!

 

Сұхбаттасқан
Гүлнар ЖҰМАБАЙҚЫЗЫ