Бейруттағы жойқын жарылыс кезінде өмірге келген нәресте жайлы оқиға әлеуметтік желіге лезде тарап кетті. Сәбидің әкесі Facebook-тегі парақшасында сәбидің тура жарылыс кезінде өмірге келгенін жазған. Ол осындай оқиғадан кейін әйелі мен баласы аман қалмайды деп ойлапты. Жарылыс уақытында ауруханада туған-туыстары болған көрінеді. Олардың кейбірі жарақат алған.
Дәрігерлер жарылысқа қарамастан, жұмысын сәтті аяқтап, сәби өмірге аман-есен келген. Atyrauoil.official жазуынша, осыдан кейін Бейрут тұрғыны мамандарға кәсібилігі үшін алғысын білдірген.