Некесіз балалы болу дұрыс па?
Некесіз балалы болу дұрыс па?
824
оқылды
Жалғызбасты жандардың өсімі сонау 80-жылдары байқалған. Зерттеушілердің мәлімдеуінше, сол кездерде оқу бітірген жастардың көпшілігі жалғыз тұруға тырысқан. Осыған бой үйреніп кеткендері де бар. Оған қоса, бүгінгі заман ағымы өзгерді. Қазір біреудің біреуге күні қарап тұрған жоқ. Ер азамат пен әйелдердің бір-біріне деген қажеттілігі жойылып бара жатқандай. Себебі ел арасында тұрмысқа шықпастан сәбилі болу дендеп барады. Осы қаншалықты дұрыс, қыз-келіншектердің мұндай қадамға баруына не түрткі деген сауалымызға психолог Дана Саметова жауап берген еді. психолог – Қыз-келіншектердің жайын қозғадық қой. Қазір көбі отбасын құрмай-ақ, «өзім үшін» деп туып алып жатады. Олардың мұндай қадамға баруына не себеп? Өмірде әр нәрсенің екі жағы бар. Жақсы не жаман деп қарау шарт емес. Бұл жерде де солай. Егер балаға деген жауапкершілікті сезініп, оған жауап бере алатын жан болса, онда тұрған ештеңе жоқ. Өкінішке қарай, көп жағдайда қыз-келіншектер ішкі қуысын баламен толтырмақшы болады. Дүниеге бала әкелсе, өмірінің мәні кіріп, бақытты өмір сүріп кетемін деп ойлайды. Алайда баланы дүнеге әкелісімен оған деген жауапкершіліктен қашады. Бала туғанға дейін өзін бақытты болмағанын ойлап, бақытсызбын деп есептейді. Оның бәрі әйелдің бақытсыздығынан емес, ер адамға деген сенімсіздіктің жоғалғанынан болады. Ондай қыз-келіншектер жігіттерге сенбейтін болған. Себебі олардың өмірінде сенім артатындай жігіттер кездеспеген. Олар күйеуі мен балаға деген жауапкершілік алғаннан гөрі, балаға жауапты болғанды жөн санайды. – Қазір қыз-жігіттердің арасында отбасылы болғысы келмей, отбасын құрмай жүргендер қаншама?! Осы қаншалықты дұрыс? Психологияда мынау дұрыс, мынау бұрыс не болмаса қалыпты-қалыпты емес деген түсінік жоқ. Бұл жерде қыз-ұл деп қарастыруға да болмайды. Мәселе екі жынысқа да байланысты. Мысалы, қыздың кездесіп жүрген жігіті  бар делік. Ессіз ғашық болмаса да, оны сыйлайды. Отбасылы болуға үрейлі емес. Бірақ сол жігітке тұрмысқа шыққанымен, өмірінде ештеңе өзгермейді деп қабылдаса, одан гөрі осы күйде жүргенін ыңғайлы көрсе – одан ешқандай әбестік көріп тұрғаным жоқ. Ал егер қыз ер-азаматпен қарым-қатынасқа түскенге қорқып, отбасын құрғысы келмесе, бұл алаңдарлық мәселе. Іштегі осы үрейін жеңбей, ол шынымен тұрмысқа шыққысы келмейтінін түсінбейді. [caption id="attachment_64387" align="alignnone" width="1024"]келіншек ©Жұмабек Айқынұлы[/caption] – Іштегі қорқынышын жеңсе, олар да отбасылы бола ала ма? Иә, әркімнің тағдыры өз қолында. Бастысы өзінің жанындағы адамның және онымен қарым-қатынасының қандай болғанын қалайды, соны білуі қажет. Екіншіден, қыздар жігіттермен көбірек араласып, дос бола білгені абзал. Соның ішінен көңілінен шығатын адамның кездесуі әбден мүмкін. Ол тек қыз-келіншектерге емес, ер адамдарға да қатысты. Сөйтіп, әр адам өз қорқынышымен өзі күресуі тиіс.
Ал біздегі қыз-келіншектің көбі есейсе де, қиялында ертегімен өмір сүреді. Сондағы ханзаданы не болмаса қол жетпейтін бейнені бейнелеп алып, келуін күтіп жүреді. Оның арасында жүрегінің қалауын тапса да, онымен қарым-қатынасқа түсе алмайтындар тағы бар. Олар ұнайтын адамымен қалай тіл табысып, көңілін табу керегін білмейді. Ондайды ата-анасы да үйретпеген. Осындай қолайсыздықтан қысылғандықтан жалғыз қалып жатады.
– Жер бетін жалғыздық дендеп барады деген рас па? Ол жөнінде не айта алсыз? Цифрлы технология дамып, интернет пайда болғалы адамдардың жападан жалғыз қалуы сезілуде. Алайда жалғызбасты жандардың өсімі сонау 80-жылдары байқалған. Зерттеушілердің мәлімдеуінше, сол кездерде оқу бітірген жастардың көпшілігі жалғыз тұруға тырысқан. Оқуын бітіріп, жұмыс істеп жүргенде өзімен-өзі жүргенге бой үйреніп кетеді. Ондайда отбасын құруға немесе отбасылы болуға құлқы жойылады.  Бұл жерде өзін-өзі жалғыз сезіну мен жалғызбасты тұратындардың аражігін ажыратып алу керек. [caption id="attachment_64388" align="alignnone" width="1024"]жалғыздық ©Сурет интернеттен алынды[/caption] Мәселен, жалғызбасты адам болса да араласатын ортасы, сырласатын достары, ағайын-туғаннан шыға алмай жатады. Олар өздерін жалғызбын деп есептемейді. Енді бірі отбасы не жары бар болса да, іштей жалғыз екенін сезінеді. Негізі, жалғыздықтың ауқымы кең, сондықтан оны жан-жақты қарастыру қажет. Соның арасынан психотерапевтің көмегіне жүгінетін де мәселелер шығуы мүмкін. Осы жолы жылдар бойы ешкіммен ешқандай қарым-қатынасқа түспей, жападан жалғыз тұратын жандардың мәселесін қарастырайық. Бүгінде олардың саны жылдан-жылға өсіп келеді. Мысалы, АҚШ-та әрбір бесінші азамат жалғызбасты. Бұрын бұл қатарға егде жастағылар ғана болса, қазір олардың қатарын 35 жасқа дейінгілер де толықтыруда. – Осыдан құтылудың жолы бар ма? Ол үшін не істеу керек? Өмірдің ағымын тоқтату қиынның қиыны-ау. Қалай тұрамын десе де, әр адамның өз еркі. Біреуге бірдеңе айтып, шектеу қоя алмайсың. О дегенің таңдау құқығына қол сұққанмен тең. Бұрын ер адамдар күйбең тірліктегі күнделікті қажеттіліктің орнын толтыру үшін үйленген. Мысалы, тамағын дайындау, киімін жуып, үтіктеу. Үйдің тірлігін жүргізуге біреу қажет еді. Ал әйелдерге үйін әперетін, тамағы мен киімін тауып беретін азамат керек болды. Осы күні заман өзгерді. Ешкім-ешкімге күні қарап тұрған жоқ. Қазір адамдар біреудің көмегіне жүгінбей-ақ қажеттіліктерін өздері өтей алуда. Сондай жандардың бірі отбасын құрудан қашып, еркіндігін жоғалтқысы келмейді. [caption id="attachment_64389" align="alignnone" width="1024"]отбасы ©Сурет интернеттен алынды[/caption] Екінші тобы – отбасылы болғысы келеді, бірақ оған қадам жасауға іштегі үрейден бата алмайды. Оларға көмектесе аласың. Мәселен, отбасылық өмірге деген позитивті оятатын көңілді киноларды көрген дұрыс. Біздің арналарда ерлі-зайыптының сөзге келіп, жаға ұстасып жатқаны, қол көтеруі жиі көрсетіледі. Міне, осыны көрген жастар саналы түрде отбасылы болудан қашады. Қыз-келіншектер мұндай жүйеден құтыла алмайтынын түсініп, қандай да бір қарым-қатынасқа түсуден аяқ тартады. Осындай қолдан жасалған апаннан шыға алмай жатқан жас қаншама?!