Министрлік 21 250 теңгені алған азаматтар туралы айтты
Министрлік 21 250 теңгені алған азаматтар туралы айтты
Фото: Интернеттен алынды
166
оқылды
«13 тамызда сағат 09.00-дегі жағдай бойынша шілде айында шектеу шараларын енгізуге байланысты табысынан айырылған жағдайда Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан біржолғы төлем тағайындауға азаматтардан 2 млн 541 мың бірегей өтініш қабылданды, төлем мөлшері ең төменгі жалақыға – 42 500 теңгеге тең. Төлемді 2 млн 320,9 мың қазақстандық алды, оның ішінде 2 млн 304,2 мың адам тамыз айында карантиннің ұзартылуына байланысты 0,5 ЕТЖ – 21 250 теңге мөлшерінде қосымша ақы алды» делінген хабарламада.

2 млн 541 мың өтінімнің ішінде:

– 834,9 мың адам проактивті форматта төлем тағайындауға келісім берген; – 656,1 мың адам Egov.kz порталы және telegram-боттар арқылы; – 394 мың адам 42500.enbek.kz порталы арқылы; – 656,2 мың адам екінші деңгейдегі банктердің мобильдік қосымшалары мен интернет-ресурстары арқылы; – 0,2 мың адам штабтар арқылы өтініш берген.

Азаматтардың санаттары бөлінісінде:

– 834,9 мың өтініш бірыңғай жиынтық төлем төлеушілерден келген (проактивті форматта); – 243,5 мың өтінішті жалдамалы қызметкерлері үшін жұмыс берушілер берген; – 1 млн 463,1 мың өтініш азаматтардың басқа санаттарынан келіп түсті (жеке кәсіпкерлер, жеке практикамен айналысатын адамдар, азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табыс алатын жеке тұлғалар). Төлем 2 млн 329,1 мың адамға тағайындалды. Ақшалай қаражат 2 млн 320,9 мың қазақстандыққа аударылды.