Балықтардың жаппай қырылу себебі не?
Балықтардың жаппай қырылу себебі не?
340
оқылды
Қазіргі таңда балықтардың не себепті жаппай қырылып жатқанын анықтауға байланысты тексеру жұмыстары басталды. Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімдігіндегілер ластануға қатысты пікір білдірді. Олар көл 2017 жылы Ауыл шаруашылығы министрлігі «Ақ Отау груп» ЖШС «Қазақ өндірістік-бейімдеу стансасы» РМКК-ға берілгенін атап өтті.
«Теңгерімде ұстаушы мекеменің мәліметіне сәйкес, көлді абаттандыру жоспарланған. Аудан әкімі аппаратының тарапынан теңгерімде ұстайтын мекеме территорияны дұрыс сақтамағаны үшін бірнеше рет әкімшілік жауапқа тартылды», – деді аудандық әкімдіктегілер.
Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің хабарлауынша, аталған көлге министрліктен қалалық экология департаменті, «Қазгидромет» және Алматы қалалық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясы қызметкерлері келді. Көлден су сынамалары алынып, мамандар балықтардың жаппай қырылуының себебін анықтауға кірісті. Экология министрлігі кезекті рет азаматтарды демалыс аймақтарында тазалық және тәртіп сақтауға, өздерінің соңдарынан қоқысты жинап жүруге шақырады. Заңбұзушылықтар болған жағдайда кінәлілер жазаланады. Жақын арада азаматтардың қоршаған ортаға келтірген зияны үшін жауапкершілік күшейтіледі.