Елордада коронавирустың екінші толқынына 3 іс-қимыл жоспары әзірленген
Елордада коронавирустың екінші толқынына 3 іс-қимыл жоспары әзірленген
© сурет интернеттен алынды
350
оқылды
Коронавирустың екінші толқынына төтеп беру үшін А, B, С жоспарлары әзірленді. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов айтып берді. 
"Бізде адам және кадр ресурсы бар. Ең басты мәселе жедел жәрдемге қатысты. Бізде жедел жәрдем ең көп дегенде ахуалға байланысты 160-180 бригадаға дейін барады. Ең бастысы - төсек-орын қоры. Қазір бізде А, В және С жоспары бар. Бірінші жоспарда шамамен 2 мың төсек-орынды жабдықтаймыз. Бұл жоспарда көпбейінді стационарлар іске қосылмайды. С жосарында еріктілер тарту арқылы ғимараттардағы (жатақхана, қонақүй) төсек-орын жайылады", – деді ол Facebook-те Astana Adaldyq Alańy аясында өткен тікелей эфир кезінде.
Тимур Муратовтың айтуынша, В жоспарында қосымша 1040 төсек-орын және А жоспарына қосымша 20 жедел жәрдем бригадасын бөлу қарастырылған. Сондай-ақ ол елордада қосымша жедел жәрдем көліктері сатып алынып жатқанын айтты.