«Өткен тәулікте коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмонияның 934 жағдайы және 10 өлім жағдайы тіркелді. 1 тамыздағы жағдай бойынша ауырғандар саны – 16 666, оның ішінде 198 өлім жағдайы тіркелді» делінген хабарламада.
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанда коронавирусқа қатысты 13 тамыз 23:59-дағы эпидемиологиялық жағдай бойынша 476 адам коронавирус індетімен ауырғаны белгілі болды.
Оның ішінде 184 адам клиникалық белгілері жоқ тасымалдаушы тіркелді. Жалпы ел бойынша ауырғандар саны – 101 848 адам.