Коронавирусқа қатысты эпидемиологиялық жағдайды одан әрі тұрақтандыру мақсатында демалыс күндері шектеу шаралары сақталады.
«Не себепті демалыс күндері локдаунды сақтаймыз? Бірінші мақсат – қол жеткізілген көрсеткіштердің оңтайлы динамикасын сақтау. Коронавирустың таралуын тоқтату. Инфекцияның таралуында басты себебі, адамдардың топталып жиналуы. Демалыс күндері адамдар топталып жиналып, қонаққа барады, саяхатқа шығады», – деді Айжан Есмағамбетова.