«Nur Otan» партиясы пәтер жалдап жүрген отбасының проблемасын шешуге атсалысты
«Nur Otan» партиясы пәтер жалдап жүрген отбасының проблемасын шешуге атсалысты
5,250
оқылды
Facebook-те елорда тұрғыны Жанара Байжулдинова мәселесін шеше алмай отырған отбасы туралы жазба қалдырған. Оның сөзіне қарағанда, 19 жастағы Дильназ елордада бөлме жалдап тұрады. Уақытша жалдамалы жұмыс істейді. Үш балаға қамқор болып отыр. Оның айтуынша, аға-інілерінің тұрақты жұмысы болмағандықтан, бауырларына асыраушы болуына заң бойынша рұқсат берілмеген.    width= Партия өкілдерінің араласуымен  бұл отбасының мәселесі оң шешімін тапты. Сонымен қатар азық-түлік себеттері, оқуға қажетті құрал-жабдықтар тарту етілді.
«Партиялықтар Дильназға азық-түлік себеттерін, мектеп жинақтарын тапсырды. Балалар дереу емханаға тіркеліп, тегін тамақтану мен елордада қоғамдық көліктерде жүру талондарын беру мәселесі шешілді. Дильназды жұмысқа орналастыру мәселесі де оның өтініші бойынша қашықтан шешілді», – деді «Nur Otan» партиясының филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ерлан Каналимов.
Сондай-ақ Ерлан Каналимовтың айтуынша, Шариповтар отбасының пәтер ақысын төлеу мәселесі де шешілген.