Арыстан еді-ау Зиядин

Арыстан еді-ау Зиядин

Ол алдымен спортшы ретінде танылды. Қазақ университетінің тарих факультетінде оқыған 1977-1982 жылдары студент Зиядин Қашқынұлы бозкілем үстінде жасындай жарқырап, самбо мен дзюдодан КСРО спорт шебері, қазақша күрестен Қазақ КСР спорт шебері биігіне көтерілді. Спорттағы бағын ашқан бапкері университеттің Дене шынықтыру және спорт кафедрасының оқытушысы, бүгінде Мемлекет және қоғам қайраткері Темірхан Досмұхамбетов ағайы болатын. Ұстаз бен шәкірт арасындағы сыйластық мөлдір бұлақтай таза еді. «Зиядин мені туған ағасындай сыйлады. Алдымды кесіп өткен жері жоқ. Мен де Зиядинді туған бауырымдай жақсы көрдім... Ол өте дарынды адам болатын. Оның өмірдегі баспалдағы бұдан да биік болады деп ойлаушы едім.Зиядин үшін қызмет етуге әзір едім. Амал не...» деп жазыпты естелігінде тұғырлы тұлға.

Білгір маманның арқа­сында ол Ресей мен Украи­на­да, Қазақстан мен Қыр­ғыз­станда өткен дүбірлі до­­да­ларда жеңіс тұғырынан көрінді. Жастар арасында КСРО чемпионы атағын же­ңіп алғаны үлкен спорт әле­мі­не кіргенін паш етіп еді. Сол кездің өзінде жап-жас Зиядин студенттер арасында аңыз адамға айналған-тын. Әріптес ағасы Манат Мәкішев, тағы басқа азаматтар оның студенттік шағы жайлы тебірене жазғаны бекер емес. Университет қалашығындағы барлық жатақхана студенттері оны қатты сыйлайтынын көзім­мен көрген жанмын. Жал­пы, кеңестік жылдары спорт­шыларға құрмет өте жо­ғары деңгейден түскен емес. Кейбіреулер соны көте­ре ал­май­ды.  Зиядин мық­­тым­сы­нып аспады, әлім­жет­тікке бас­пады. Қайта шеберлігін шың­дай түсті. Өкініштісі – түн жамылған бұзықтың сіл­теген пышағынан ауыр жа­рақат алған соң, күресуді тоқтатты.

Сырт көз көреген ғой. Сту­дент Зиядинді спортшы ша­ғында ғана көрген әйгілі тәлімгер, КСРО-ның еңбек сіңірген бапкері А.Атаев ке­йін­де: «Ол өз елінің ұлы аза­ма­ты еді» (Он был великим человеком своей страны) деп жазғаны бар. Ардақты азамат жайлы тоқсан ауыз сөздің то­бық­тай түйіні – осы. Бар бол­ғаны 21 жасында жұрт­ты тәнті қылған бұл қасиеттер әкесінің күшімен, шешесінің сүтімен бойына дарыса керек. Қашқын әкеміз Одаққа танымал көк­пар­шы, атбегі, шешеміз Қант­­күл он саусағынан өнер там­­ған ісмер болыпты.  Бұл кісі­лердің қонақжайлылығы, дар­қандығы ел арасында күні бүгінге дейін аңыздай ай­­­ты­ла­ды.

1981 жылы күресуді қой­ған­мен Зиядин спорттан қол үзбеді. Өзі оқыған факультетте аспирантураға түсіп, бір мез­гіл­де Ыстықкөлдегі уни­­вер­ситетке қарайтын сауық­ты­­ру кешенінің директоры қыз­метін атқарды. Мұнда спортшы жастарға жағдай туғы­зумен көп айналысты.

1986 жылғы Желтоқсан көтерілісі Зиядин тағдырын күрт өзгертті. Алаңдағы қақ­ты­ғыстың бел ортасында бол­­ған ол аспирантурадан шы­­ғарылды. Алматыдан кет­ті. Бір жыл бойы жұмысқа да орналаса алмады. 1988 жыл­­дың қарсаңында ғана әу­пе­ріммен  Шымкент педа­го­гикалық институтына оқы­­тушы қызметіне қабыл­да­нады. Осында алғаш рет археологиялық экспедицияға шығады. Шетелдік ғалым­дармен байланыс орнатады.

Зиядин Исабековтің ғы­лым­дағы жан-жақты таланты мен жасампаз қабілет-қары­мы 1991 жылы Қ.Ясауи атын­дағы халықаралық қа­зақ-түрік университетіне ауы­­­суымен ашылды. Тарих ғы­лымдарының кандидаты ата­ғына диссертациясын Ле­нинград қаласында қорғады. Ескен желдей, көшкен сеңдей өте шыққан 9 жыл ішінде қасиетті қала Түркістанда ұлттық археология ғылымы­ның жаңа орталығын қалып­тас­тыруға зор үлес қосты. 

Кенеттен келген сұм ажал 2006 жылдың 4-қаңтарында З.Исабековті арамыздан алып кетті. Келер жылы хал­қы­мыздың абзал азаматы Мұх­тар Құл-Мұхаммед «Арыс­тан» тақырыбымен қазақ уни­вер­ситетінің әйгілі ректоры Ө.Жол­дасбеков жайлы мақала жариялады. Спортзалдағы да­йындық үстінде Өмекеңнің Зия­динді «Түйе балуан» ата­ғанын, екеуінің қалай бел­дес­кенін, шәкіртінің арқа­сынан қағып, бауырына басқанын тамаша сипаттаған. Шынында да арыстан еді-ау Зиядин. 


Университеттегі оқу және ғылыми жұмыстарға, архео­логиялық, антропология­лық зерттеулерге әйгілі ғалымдар К.Ақышев, О.Ысмағұлов, М.Елеуов, Ж.Таймағамбетов тар­тылды. Археология және этно­логия ғылыми-зерт­теу инс­титутын ашуға қол жет­кізді. Институт ди­рек­то­ры З.Исабеков ха­лық­ара­лық деңгейдегі ұйым­дас­тырушы екені аса биік деңгейде өткізген ғылыми конференциялармен, оған Бельгияның, Түркияның, Жа­понияның, Францияның, Ре­сейдің ғалымдарының қа­ты­­суымен айшықталды. Ре­сей ғылым академиясының академигі А.Деревянко Зия­дин­мен шығармашылық ын­­тымақтастықта өткізген 10 жылы туралы естелік жаз­ған екен. Онда мынадай жол­дар бар: «...дети Зиядина, гор­ди­тесь своим отцом. Он был настоящим ученным, батыром, преданным спор­ту и науке, был человеком с большой бук­вы». Профес­сор­лар Мар­сель Отт (Бельгия), А.Сэкия (Жапония), Намық Кемал Зейбек (Түркия), PhD Фредерик Брюне (Франция) де тап осын­дай пікірде қалғанына толық сенімдімін.

Білім мен білікті ұштас­тыр­ған ізденіс қомақты нәти­желермен көмкерілді. Түр­кіс­тан аумағында жаңадан 560 ескерткіш, Түлкібас ауданында 204 ескерткіш анықталды. Түркістан қала­сының жасы 2000 жылдан кем емес екені дәйек­тел­ді. Тарихшылар мен архео­лог­тардың жас буы­­­ны өсіп шықты. Өзі де 3 моно­гра­фияның, 70-ке жуық ғы­лы­­ми мақаланың авто­ры атан­ды. Әрине, бұл жер­­­де шы­­ғармашылық ер­кін­­­­дікті асқақтатқан тә­уел­­сіз­ді­гі­міздің ұлы ша­­па­ғатын қа­перден шы­ғар­мауымыз ке­рек. Универ­си­теттің сол жыл­дар­ғы рек­то­ры М.Жұры­нов ордабұзар отыз­да­ғы жас жігітті барынша қолдап отырды.

2000 жылы Шымкент қала­сында жаңадан ашыл­ған Оңтүстік Қазақстан облы­сының Олимпиадалық да­йындау орталығының дирек­торы қызметіне ауысып кетті.  Оның себебін қайтыс бо­ларынан 20 күн бұрын бер­ген сұхбатында былайша тар­­қа­тыпты: «Ғылымда пен­де­ші­лік көп болады екен. Ресейде ұжымдық жұмыс жақсы жолға қойылған. Бізде бір адам бәрін өзім бітіремін дейді. Нәти­же­сінде өзі де үлгермейді, өзгеге де істетпейді. Мен осыдан қашып отырмын». Ақиқатына көшсек, жаңа салада да олжа­сыз қалған жоқ. Тыңға түрен салып, ауыр атлетиканы қолға алды. Талантты жан­ның беймәлім жаңа қыры ашылды. Болашағы зор ауыр атлет Бақыт Ахметовті үл­кен спортқа әкел­ді. Бес жыл­­дық еңбегінің нә­­ти­­­­жесінде Оңтүстік Қа­­зақ­стан облысының үз­дік жаттықтырушысы және ауыр атлетикадан Қа­зақ­­стан­­­ның еңбек сіңірген жат­­­­­тықтырушысы атанды. «Жел­­­­тоқсан» республикалық қо­­­ғамдық-патриоттық қоз­ға­лы­­сының тең төраға­лы­ғына сайланды. Сол 2005 жылы қамал алған кемел жан 45-ке толған еді.

Кенеттен келген сұм ажал 2006 жылдың 4-қаңтарында З.Исабековті арамыздан алып кетті. Келер жылы хал­қы­мыздың абзал азаматы Мұх­тар Құл-Мұхаммед «Арыс­тан» тақырыбымен қазақ уни­вер­ситетінің әйгілі ректоры Ө.Жол­дасбеков жайлы мақала жариялады. Спортзалдағы да­йындық үстінде Өмекеңнің Зия­динді «Түйе балуан» ата­ғанын, екеуінің қалай бел­дес­кенін, шәкіртінің арқа­сынан қағып, бауырына басқанын тамаша сипаттаған. Шынында да арыстан еді-ау Зиядин.

Ол көзінің тірісінде лайық­ты мемлекеттік марапат алған жоқ. Дегенмен ештен кеш жақ­­сы деген халықпыз. 2019 жы­лы 4 сәуір күні Қазақстан Үкіметінің қаулысымен Түр­кіс­тан облысы Ордабасы ауда­нындағы «Мақташы» жал­пы орта мектебі Ордабасы бі­лім бөлімінің Зиядин Иса­­­­беков атындағы жалпы орта мектебі болып қайта атал­ды. Демек, жақсының аты өл­мей­тіні де таудың биіктігі алыстан көрінетіні де рас екен. Ғылым мен спортқа рия­сыз қызметімен халқының ал­дындағы борышын адал атқарған тұлғаның мәңгілік ғұмыры жалғасып жатыр.

 

Ханкелді ӘБЖАНОВ,
ҰҒА академигі