Елімізде 65 мыңға жуық адам қайтыс болған
Елімізде 65 мыңға жуық адам қайтыс болған
232
оқылды
Өлім-жітім көп болған аймақтар­дың басында Шығыс Қазақстан облысы тұр. Бұл өңірде 6 859 адам тір­келген екен. Екінші орында – Алматы қаласы. Онда 6 771 адам, ал Қарағанды облысында 6 475 адам тіркеліпті. Өлім саны аз аймақтың бірі –  Маң­ғыстау облысы. Өңірде 1 531 адам қайтыс болған. Олардың көпшілігі қанайналым жүйесі ауруларынан, гипертониядан, жүректің ишемиялық ауруынан, стенокардия мен жедел миокард инфаркінен тіркелген. Одан бөлек, мидың тамырлы зақымда­нуы­нан 5 607 адам, ісіктен  7 441, қатерлі ісіктен 7 257 адам тіркеліпті. Сондай-ақ жазатайым оқиғалардан, улану мен түрлі жарақаттанудан, тыныс алу органдары ауруларынан да тіркел­гендер бар.  

Айым БЕК