Демалыс күндері тауға шығуға тыйым сақталады - Бекшин
Демалыс күндері тауға шығуға тыйым сақталады - Бекшин
фото: ашық дереккөз
5,414
оқылды
Алматының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин демалыс күндері тауға шығуға тыйым әлі сақталатынын айтты. "Тауға шығуға қатысты шектеу шаралары өзгеріссіз қалады", - деді Алматының Бас санитары.
Жаяу және велосипедпен жұмыс күндері санитарлық шаралар сақталса, рұқсат етілген, ал демалыс күндері Медеу, Алма-Арасан және басқа ұлттық парктерге баруға тыйым салынған.
Сондай-ақ Алматының санитар дәрігері 17 тамызда қандай нысандар ашылатынын айтты. 17 тамызынан бастап (демалыс күндерінен басқа) рұқсат етіледі:
  • СОСО, сауда үйлерін (бутиктер), сауда желілері, аумағы 500 шаршы метрден асатын дүкендер, жабық типтегі азық-түліктік және азық-түліктік
  • емес базарлар (келушілер 30% аспауы тиіс,1 келуші үшін 4 шаршы метр);
  • балаларға арналған түзету кабинеттері, балаларға және ересектерге арналған білім беру орталықтары (топтар – 5 адамнан аспауы керек, алдын ала жазылу бойынша) кезеңімен іске қосу шешімі қабылданды.
  • Қызмет көрсету саласының нысандары да (демалыс күндерінен қоспағанда): сұлулық салондары, шаштараздар, косметологиялық қызмет түрлерін көрсететін нысандар; СПА орталықтары (1 келуші үшін 4 шаршы метр, алдын ала жазылу арқылы);
  • фитнес орталықтар (бассейнсіз) (1 келуші үшін 5 шаршы метрге дейін, қуаттылығы 50% аспайтындай, алдын ала жазылу арқылы), моншалар, сауналар (бассейнсіз) (келушілер 50%-дан аспауы керек, 1 келушіге 4 шаршы метр), сондай-ақ, ашық даладағы аттракциондар жұмысқа қайта оралады.
  • Қоғамдық тамақтану нысандарының қызметіне (мейрамханалар, дәмханалар, асханалар) тек ашық далада, отыратын орындар саны 50-дан аспаған болса, ұжымдық шараларды өткізбеу арқылы рұқсат етілген; тапсырысты "сыртқа алып шығу" және тамақты жеткізіп беруге болады.
Қалада алдындағыдай мына нысандарға тыйым сақталады:
  • ойын-сауық шараларын, спорттық, отбасылық, еске алу, салтанатты және басқа да көпшілік шараларды, сонымен бірге үй жағдайында;
  • конференцияларды, көрмелерді, форумдарды;
  • барлардың, банкет залдарының, көңіл көтеру мекемелерінің (караоке, кальян, бильярд орындары, компьютерлік клубтар, букмекерлік конторалар, түнгі клубтар, боулинг-орталықтар, аттракциондар, фудкорттар, кинотеатрлар және ересектер мен балаларға арналған көңіл көтеру орындары, бабалардың ойын алаңдары, батуттар және басқалары);
  • мәдениет нысандары, мұражайлар, діни нысандар, сонымен бірге, қалалық және қоғамдық жағажайлардың бассейндері, ашық аквапарктердің жұмысына тыйым салынған.