Балмұздаққа деген сұраныс екі есеге азайып кетті
Балмұздаққа деген сұраныс екі есеге азайып кетті
фото: ашық дереккөз
318
оқылды
Еліміздің оңтүстігінде балмұздаққа деген сұраныс екі есеге азайып кетті, деп хабарлайды Atameken Business. Ал шекараның жабылуына байланысты экспорт көлемі нөлге түсіп қалған. Мәселен, Түркістан облысындағы балмұздақ өндіруші екі кәсіпорын болса, оның бірінің жұмысы толық тоқтаған. Ал екіншісінің өнімі екі есеге азайған.  «Өнім 50 пайызға азайды. Пандемия басталғаннан-ақ сұраныс күрт азайып кетті. Менің ойымша бар себеп мерекелер мен той-томалақтың жоқтығынан. Үйлену тойлары, саябақтар мен ойын орталықтарында біздің балмұздақ жақсы өтетін. Осының бәрі тоқтағаннан кейін бізде сатылым да азайды», - деді балмұздақ өндіруші кәсіпорын директорының орынбасары Адхам Айтметов. Несиені кейінге шегеру аз да болса қолдау болған. Кәсіпорын жұмысшыларының жалақасы қысқармаған.  Алайда пандемия басталғалы кәсіпорында дамытуға қаржы бөлу былай тұрсын,  ешқандай табыс түспеген.