Атыраудан 3 бағытқа жолаушылар пойызы тоқтатылды
Атыраудан 3 бағытқа жолаушылар пойызы тоқтатылды
фото: ашық дереккөз
279
оқылды
Атыраудан үш бағытқа қатынайтын жолаушылар пойызы жүрмейді. Бұл туралы Атырау облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Қанат Ғайнеденовтің жаңа қаулысында айтылды. «Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Ақтөбе және Маңғыстау облыстары бағыттары бойынша жолаушылар темір жол тасымалдары тоқтатылсын» -делінген бас санитарлық дәрігердің қаулысында. Сондай-ақ, қаулыға сәйкес, діни орындар қызметіне (мешіт, шіркеу, ғибадатхана, синагог және т.б) тыйым салынған. Еске сала кетелік, бұған дейін Атырау облысында шектеу шаралары 31 тамызға дейін ұзартылған еді.