Коронавирус:  401 науқастың жағдайы нашар
Коронавирус:  401 науқастың жағдайы нашар
фото: ашық дереккөз
262
оқылды
Елімізде коронавирус инфекциясынан 19 741 адам емделіп жүр, деп хабарлайды  Денсаулық сақтау министрлігі. «16 тамыздағы мәлімет бойынша коронавирус инфекциясынан 19 741 адам емделіп жүр. Олардың арасында 109 бала бар. Стационарларда 3 289 науқас жатыр. 16 452 адам амбулаториялық жағдайда емделуде. Жалпы науқастардың арасында 401 адамның жағдайы нашар. Соның ішінде 105 науқастың жағдайы аса ауыр деп бағалануда. 77 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған», делінген хабарламада.