Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінде өтініштер мен шағымдарға арналған қауырт желі құрылды
Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінде өтініштер мен шағымдарға арналған қауырт желі құрылды
фото: ашық дереккөз
257
оқылды
Тұрғындары өтінішін Қылмыстық-атқару жүйесі комитетіне WhatsApp мессенджеріндегі арнайы желі арқылы жібере алады, деп хабарлайды ҚР ІІМ ҚАЖ комитетінің баспасөз қызметі. «Сенім телефоны, электрондық үкімет порталындағы төраға блогы сияқты жұмыс істеп жүрген кері байланыс құралдарына қосымша ретінде азаматтармен коммуникацияның тағы бір арнасы ашылды. Енді ҚАЖ тарапына бұзушылықтарға тап болатын әрбір азамат хабарлама жібере алады. Осындай байланыс бас бостандығынан айыру орындарында отырғандардың құқығының қорғалуы мен сақталуын қамтамасыз ету тәртібін жетілдіруге мүмкіндік береді», - деп атап өтті ҚАЖК басшысы Жанат Ешмағамбетов. Бұл үшін танымал WhatsApp мессенджерінде жедел желінің 8-776-677-80-77 нөміріне хабарлама немесе медиафайл жіберу жеткілікті. Оған жауап та мессенджерде беріледі. «Біз кері байланыстың бұл түрі барлық құқық бұзушылықтар бойынша өтініштер мен шағымдардың қабылдануы мен қаралуын жеңілдетеді деп санаймыз. Бұл жұмысты бақылап, келіп түскен хабарламаларды онлайн режимде талдап отыратын және оларды жауап дайындау үшін комитеттің бейінді қызметтеріне қайта жолдайтын оператор қызмет атқарады. Бірде бір хабарлама жауапсыз қалмайды. Азаматтардың шағымдары объективті әрі жан жақты қарау мақсатында бұған бас бостандығынан айыру орындарында қоғамдық бақылау жүргізетін мүдделі органдар мен олардың өкілдері тартылады», - деп қосып өтті ҚАЖК төрағасы.